Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зымыранның зардабы

c 18:01, 06/11/2019 c 1953

0:00 / 0:00

Ресей Байқоңырда жалға алған 1,6 мың гектар жерді Қазақстан өз мақсатына пайдаланатын болды.   Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.  Хаттамаға сәйкес, Ресей жалпы алаңы 11,6 мың гектар төрт жер учаскесін жалға алуды тоқтатылады. Төрт жер учаскесі Қазақстанның пайдалануына беріледі.

Байқоңыр ғарыш айлағында болған  бұл  жер телімдері  Қармақшы ауданы Төретам кентін кеңейту үшін, сондай-ақ "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізін, "Алматы-Мәскеу" теміржолын салу және "Бейнеу-Шымкент" газ құбырының желілік бөлігі үшін алынды. Бұл  жер телімдері Қызылорда облысының дамуы үшін қажет. Енді  «Ғарыш экология » зерттеу орталығы қызметкерлерінің алдында  осы жерлерді зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлауынан тазалау жұмысы тұр.  Ол әрине зиянды заттар. Ғарыш кеңістігін игеру үшін экологтар осы қауіпті жұмысты атқаруы керек. Яғни Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып құлаған зымыранның  бөліктерін жинау, протонның жерге, ауаға және  суға тараған  сынамасын алып, ондағы зиянды заттарды анықтау жұмысы тұр. Депутаттарды құлаған зымыранның бөлшектерін жинау жұмысы қаншалықты жедел жүргізіледі деген сауал мазалады. Мәжіліс спикерінің айтуынша, зымыран құлаған жерге мамандар жеткенше, маңайдағы ауыл тұрғындары бәрін жинап, тығып үлгереді.

Байқоңырдан көкке көтерілген зымыран тасығышының қалдықтары сол өңірге жақын отырған ауыл маңдарына құлайды. Көктен құлаған зымыран қалдықтарынан қоршаған ортаға келер зиян бары анық. Улы заттар ауаға тарап,, суды былғап, мал  жайылатын жайылымға тарап үлгереді. Ғарыш айлағында болған жерді пайдалануға алып отырған аймақтардың қаншалықты таза екені сұрақ тудырады. Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, қазақ жерінде Байқоңырдан ғарыш аппараттарын ұшыруға 46 шаршы километр жерді  құрайтын 50 аудан бекітілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.