Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылы аялдамалардың бағасына қатысты шу шықты

c 17:18, 18/11/2021 c 1370

0:00 / 0:00

Оралда өткен қыстан бастап пайдалануға берілген жылы аялдамалар бағасына қатысты дау шықты. Бұл туралы әлеуметтік желілерде тұрғындар жарыса жазуда. Тіпті құзылы орган өкілдеріне хабарласқан халық мемлекеттен бөлінетін қаражатты талан-таржыға салып жатыр деген пікір қалдырған.Оралдағы бұл аялдамалар бағасы пәтер құнымен пара-пар. Қаланың бірнеше ауданында қоғамдық көлік тоқтайтын аядай нысандардың әр қайсысы 10 миллионға салыныпты. Бірақ сол қымбат аялдаманың өзі тұрғындардың көңілінен шыққан жоқ. Өйткені бағасы тым қымбат. Жаңа аялдамалар өткен жылы 7 млн. теңгеге бағаланса, биыл 10 млн. теңгеге орнатылған. Осы орайда қарапайым халық: «Мемлекеттік сатып алу ісінде заңсыздыққа жол берілген»,- деп шу шығырды. Бұл туралы «Антикор» орталығына 300-ден аса хабарлама түскен. Жылы аялдамаға тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме бір бөлмелі пәтердің құнына жететін қаржы мақсатты жұмсалды деп отыр. Бұл мәселе әлі құзырлы орган өкілдерінің зерделеуінде. Нақты ақпарат алдағы уақытта белгілі болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.