Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Журналистерді тіркеу ережесі»

c 18:08, 16/02/2021 c 376

0:00 / 0:00

Елдегі карантиндік шектеулер БАҚ өкілдерінің де жұмысына кедергі келтіріп отыр. Журналистерге қажетті ақпаратқа қол жеткізу қиындады. Тек онлайн жиындарды қанағат тұтуға тура келеді. Ал ақпарат министрлігінің журналистерді аккредитациялау туралы жобасы  шикі дейді журналистер қауымы. Бұл мәселе әлеуметтік желіде талқылануда. Онлайн баспасөз маслихаты барысында модератордың талаптарын орындау, журналистердің кәсіби жұмысын шектеу болып табылады дегеп пікір айтылуда. Осыған қатысты ақпарат министрі Аида Балаеваның пікірін білген едік. Министр ханым әр журналистің құқығын қорғау басты міндетім деп отыр.

«Журналистерді аккредитациялау ережесін бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу жобасы egov.kz. сайтында жарияланды. Қазір бұл жоба қоғамдық талқылауда. Журналистер қауымы жобаның бірқатар тұстарымен келіспейді. БАҚ өкілдерінің айтуынша, «модератордың талабын сақтау» деген көп мағынаны береді. Баспасөз маслихаты барысында модератор журналистің нақты жауап алуына кедергі келтіруі мүмкін. Қандай талап бекітіледі, ол қалай жүзеге асады? Ол жағы белгісіз. Онсыз да карантидік шектеулердің салдарынан қажетті ақпаратын ала алмай жүрген журналистер үшін, бұл тағы бір тұсау болмақ дейді журналситер қауымы. Бұл орайда Ақпарат министрі Аида Балаева әр журналистің құқығын қорғаймын деп отыр.

Пандемия барысында онлайн жиындарға телміріп қалған журналистер толық көлемде ақпарат ала алмай отыр. Ал қашықта өтіп жатқан баспасөз маслихаты барысында шенеуніктер тілшілер жолдаған сұрақтардың бәріне бірдей жауап бермейтін сәттер де болады. Мысалы, Орталық коммуникациялар қызметінде өтетін брифингтерде журналистердің ыңғайсыз сұрақтары  модератордың сүзбесінен өтіп жатады. Шум.Министр ханым, құжатта модератордың талабы туралы қосымшаны мемлекеттік органдар ұсынуы мүмкін дейді.

Аида Балаева –ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі -«Журналистерге ақпарат алу қолжетімді болғанын қалаймыз. Ммелекеттік органдардан нақты, толыққанды ақпарат алса дейміз. Бірақ, өкінішке орай, карантиндік шектеулер бұған тежеу болып тұр.Бұл ақпарат министрлігі енгізген шектеу емес. Бас санитарлық дәрігердің карантин талабын сақтау туралы ережесі бәріне ортақ»

Журналистерді тіркеу туралы жаңа ережені енгізу мәселесі 2019 жылдан бері талқылануда. Алғашқы нұсқасында журналист модератор бекіткен регламентті ұстануы тиіс, сондай-ақ орын жетпей қалған  жағдайда шараға кірмей қалу мүмкін және шерулерді түсіруге өтініш білдіру қажет делінгенді. Сол кезде журналистер қауымы бұл талаптарға наразылық білдіргенді. Құзырлы министрлік БАҚ өкілдеріне арналған ережені бекіту мәселесін кейінге қалдырған болатын. Енді бұл жоба қоғамдық талқылауға салынуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.