Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін заңсыз берген топ әшкереленді

c 14:55, 28/10 c 1

0:00 / 0:00

Астанада арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен делдалдардан құралған қылмыстық топ жүргізуші куәліктерін заңсыз берген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді. Прокуратураның дерегінше, делдалдар үміткерлерге теориялық емтихан кезінде жауаптарды айтып отырған. Ал орталық қызметкерлері практикалық емтиханнан өтті деген жалған мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізген. Мемлекеттік корпорация бұл заңбұзушылықтарды өзі анықтап, құқық қорғау органдарына хабарлағанын мәлімдеді. Қазір ведомство қызмет көрсету тәртібін жетілдіріп, ішкі бақылауды күшейту арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.