Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алимент төлемейтін азаматтардың отбасына субсидия беру ұсынылды

c 15:18, 28/10 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда алимент төлемейтін азаматтардың балаларына қолдау көрсету үшін жалдамалы баспана мен коммуналдық шығындарды субсидиялау ұсынылды. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бастамаға қатысты жауап берді. Үкімет басшысының айтуынша, мұндай отбасыларға қосымша субсидия беру бюджетке едәуір салмақ түсіреді. Сонымен қатар толық емес отбасыларға баспана, жеңілдетілген ипотека және тұрғын үй сертификаттары түрінде қолдау көрсетіледі. Алимент берешегін өндіру үшін борышкерлердің табысы мен мүлкін анықтау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Ал жауапкершілікті күшейту мәселесі қосымша зерделенеді. Олжас Бектеновтің пікірінше, жазаны қатаңдату берешектің міндетті түрде өтелуіне кепіл болмайды. Сондықтан негізгі міндет – алименттің нақты төленуін қамтамасыз ету.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.