Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Есірткі сататын интернет-дүкеннің жұмысы тоқтатылды

c 15:12, 28/10 c 1

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің қызметі әшкереленді. «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Орал қаласының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Тінту кезінде одан өсімдік тектес зат салынған бес түйіншек, қарасора тұқымдары және ұялы телефон тәркіленген. Ал қала маңындағы саяжайлардың бірінен қарасора өсіруге арналған фитозертхана анықталды. Онда бес түп өсімдік, жарықтандыру шамдары, желдеткіштер, температура датчиктері мен тыңайтқыштар болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мүлкі тәркіленіп, бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.