0:00 / 0:00
Қашаған кен орнын игеруге байланысты Қазақстанның халықаралық мұнай компанияларына қойған талаптарының 12 миллиард долларға жуығы халықаралық арбитражда қаралмайтын болды. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бұған 2011–2015 жылдар аралығындағы шығындарға қатысты талаптың кеш берілуі себеп болған. Қазақстан даулы шығындар бойынша жалпы сомасы шамамен 20 миллиард долларды өндіріп алуды көздеген. Алайда қалған 8 миллиард долларға жуық талап әлі қаралып жатыр. Қашаған – елдегі ірі мұнай кен орындарының бірі. Жобаны іске асыру кезінде өндіріс жоспарланған мерзімнен кеш басталып, шығындар бастапқы есептен едәуір асып кеткен.







