Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Журналистер шағымы

c 20:24, 10/09/2020 c 616

0:00 / 0:00

Қазақстандық журналистер Орталық коммуникациялар қызметін цензура жасайды деп айыптады. Бұл жайында журналист Ирина Севостьянова бүгін өткен брифингте айтты. Баспасөз маслихаты барысында өз сұрағын нақтылағысы келген  Bloombergтің тілшісін модератор тоқтатуға тырысты. Жалпы мұндай жағдай соңғы кезде ОКҚ жиі орны алады. Алдын ала журналситерді жазылып алынған сұрақтарды спикерге қоймай қоятын кездер де көп болады. Бұған дейін отандық журналистер Президентке үндеу жолдап, пандемия басталғалы ашық ақпарат алу қиындап кеткенін, ОКҚ тілшілерге мәлімет беруге кедергілер орын алатынын жазғанды. Яғни баспасөз маслихатын өткізуге алаң ұсынып отырған жерде цензура орын алады. Брифинг барысы кезіндегі жағдайдан тілшіміз жалғастырады.

Пандемия барысында журанлистер үшін ақпарат алатын жалғыз алаң осы-Орталық коммуникациялар қызметі.Себебі, онлайн жұмыс істейтін шенеуніктерді бұрынғыда йқуып жүріп, ұстау мүмкін емес.  Барлық министр осы алаңға келіп, сұрақтарға жауап беріп жатады. Күн сайын ОКҚ өтетін брифинг уақыты белгіленіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтары алдын-ала сұралады. Енді бірі зуум арқылы шығып, сұрақ қояды. Алайда, сұрақтардың бәрі бірдей ОКҚ сүзбесінен өтпейді. Брифингке келген спикердің ұзын-сонар баяндамасынан соң уақыт тығыз деген сылтаумен сұрақтар қойылмай жатады.Ал бейне байланысқа шыққан журналистің сұрағы ұнамай жатса, модератор цензура жасайды. Бұл көрініс министрлер шыққан бүгінгі брифингте тағы да орын алды. Баспасөз маслихаты барысында өз сұрағын нақтылағысы келген  Bloombergтің тілшісін модератор тоқтатуға тырысып, келесі кезекті күтіп отырған тілшіге ұсынған еді. Журналист әріптесінің сұрағына жауап алмай, сұрақ қоймаймын деді.

Ирина Севостьянова журналист -«Мен әріптесімді эфирге қайтырыңыз, ол сұрағына жауап бермей, сұрақ қоймаймын.  Ол сұрағын нақытлап үлгермеді. ОКҚ –гі мырзалар мен ханымдар бұл дегеніміз цензура. Ал Қазақстанда цензураға тиым салынған». 

Не керек, модераторға келісуге тура келді. Дегенмен, брифинге шыққан вице-премьер мен үш министрге сұрақ қоюға кезекке тұрған 27 журналистің тек 10-ы ғана сұрақ қойып үлгерді. Модератор уақыт жетпеді деген сылтауын алға тартты. Саясаттанушылардың айтуынша, бүгінгі күні тәуелсіз журнали ст деген ұғым жоғалған. Көбі мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейді. Батыста бұл екеуара келісім-шарт деп танылады. Дегенмен, БАҚ толық бақылауға алғанымен, интернетті қадағалау мүмкін емес. Әлеуметтік желі ақпараттың қайнаған қазанына айналды. Өкінішке орай, жоқ жерде цензура жасағыш, бюрократияшылдар жоқ емес. Соның бірі ОКҚ. Жалпы мұндай жағдай оратлықта жиі орны алады. Бұған дейін отандық журналистер Президентке үндеу жолдап, пандемия басталғалы ашық ақпарат алу қиындап кеткенін, ОКҚ тілшілерге мәлімет беруге кедергілер орын алатынын жазғанды. Үндеуге 200 жуық журналист қол қойғанды. Осыдан кейін ОКҚ бейнебайланыс  арқылы сұрақ қою мүмкіндігіне қол жеткізген едік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.