Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлықпен күрес

c 20:03, 31/10/2019 c 910

0:00 / 0:00

Қол астындағы жемқор қызметкері үшін бірінші басшы оставкаға кетеді. Бұл норма президенттің қол қоюына жіберілген «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі» заң жобасында бекітілген.  Парақорларды айқындау үшін, жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарды қомақты ақшамен ынталандыру көзделіп отыр. Мысалы, 2 миллион теңгенің парасы туралы хабар берілсе, осы соманың 10 проценті сол азаматқа сыйақы ретінде беріледі. Ал сыйақының шекті мөлшері 10 миллион теңге болады деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев. Жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған жиыннан толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Қазақстандықтарға бір ғана мәлімет үшін қомақты ақша табуға мүмкіндік туып отыр. Жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға 2 миллион теңге параның  10 процентін сыйақы ретінде береді. Ал сыйақының шекті мөлшері 10 миллион теңге болады. Ресми мәлімет бойынша,соңғы бес жылда жемқорлық үшін жауапқа тартылған адамдардың 75 пайызы мемлекеттік қызметте орташа және төменгі лауазымда жұмыс істейтіндер. Агенттік басшысы Шпекбаев.  Олар жалақысы төмен болғандықтан  пара алады дейді. Бұл қасіретті жою үшін,  жалақыны көтеру керек.   Жалақысы жоағры, жағдайы бар тойымсыз басшылар да пара алудан қалыс қалып жатқан жоқ. Айтпақшы қоластындағы жемқор қызметкері үшін бірінші басшы жылы орнынан айырылады. Тиісті заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберілді.

Алик Шпекбаев – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы; «Біріншіден, қол астындағы қызметкерлердің жемқорлық жасағаны үшін мемлекеттік орган басшылары отставкаға жіберіледі. Осы норма соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қолданылатын болады. Екіншіден, қызметкерлер арасында жемқорлықтың алдын алуды дұрыс ұйымдастырмағаны үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор басшыларының жеке жауапкершілігі енгізіледі»

Сондай-ақ,  құқық қорғаушылар мен судьялардың жауапкершілігін де күшейту көзделген. Осы орайда ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыс үшін мерзімінен бұрын босатуға тиым салу ұсынысы бар. Жемқорлық демекші, аты-шулы LRT құрылысына қатысты і бұрын әкімдікте істеген лауазымды тұлғалар анықталды.

Сергей Перов - ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы

"Тергеу шаралары жалғасуда. Бірқатар сараптама аяқталуға жақын. Шығынның көлемі бірнеше есеге өсіп, 1 миллиард теңгеден асты. Бүгінде осы іске қатысты 6 күдікті анықталып отыр. Олардың ішінде төртеуі - әкімдіктің бұрынғы лауазымды тұлғалары.Astana LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан қашып жүр. Интерпол арқылы іздеу жүріп жатыр.  Қалған күдіктілертергеуге белсенді атсалысып жатыр".

Жемқорлыққа қатысы бар деп қамауға алынып, күні кеше босатылған Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнзіровке қатысты агенттік прокуратураның шешімімен келіспей, қарсылық білдіріп отыр.

Әкімнің орынбасары аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Қазір ол босатылып, өз жұмысына қайта кірісті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.