Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа жылдық отшашу болмайды

c 10:00, 31/12/2020 c 862

0:00 / 0:00

Тышқан жылын тәмамдап, сиыр жылын қарсы алғалы отырған қазақстандықтар жаңа жылдық мереке жылдағыдан өзгеше болады деп отыр. Биыл тіпті елордалықтар мерекелік отшашуды да көрмейді. Нұр-Сұлтан әкімдігі карантинге байланысты осындай шешім қабылдап отыр. Ал елорданың төріндегі Бәйтерек монументінің жанына 6 метрлік эко-шырша орнатылды. 70 келі жіптен тоқылған құрақ көрпе іспеттес шырша қалалықтар  көзайымына айналды. Шыршаны тоқуға  Ресей мен Өзбекстанның қолөнер шеберлері,еліміздің тоқымашылары, зейнеткерлер, қарттар үйі, қоғамдық қорлар, әлеуметтік кәсіпкерлер мен қолөнершілер атсалысты. Сондай-ақ, Қамқоршылық кеңестердің қолдауымен елорданың 30 мектебінің оқушылар, ата-аналары мен мұғалімдері қатысты. Еліміздің өзге де аймақтарынан бұл шараға қолдау көрсетілді.

Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас, жақындарына сыйлық іздеп, мерекелік дастарханға азық-түлік сатып алып жатқан елордалықтардың көңіл- күйі көтеріңкі. Әрине тышқан жылы қазақстандықтар үшін, тіпті әлем халық үшін оңай жыл болмады. Қауіпті індет таралып, адамзат қалыпты өмірін өзгертіп, карантин талаптарын сақтауға үйренді. Дегенмен, келер сиыр жылынан үміт көп.

Нұр-сұлтандықтар биыл жаңа жылдық отшашуды тамашалай алмайды. Қала басшылығы карантинге байланысты осындай шешімге келді. Ал еліміздің бас санитары қазақстандықтарға жаңа жылды тек өз отбасымен, үйде қарсы алуға кеңес берді. Санитардың бұл кеңесін бәрі бірдей сақтай алар ма екен.

Дегенмен, қала жаңа жылдық кейіпке енді. Елордалықтардың көзін қуантатын әсем шыршалар қйыолып, қыс қызығы-сырғанақ тебетін орындар ұйымдастырылды. Өткен жылы елордада құрақ көрпе стиліндегі  3 метрлік эко-шырша орнатылғаны есімізде. Биыл ұйымдастырушылар 70 келі жіптен тоқылған 6 метрлік шыршаны тоқып шықты.  Қалада екі апта бұрын «Құрақ көрпе стиліндегі эко-шырша» халықтық флешмобы басталған еді. Енді міне сол шара мәресіне жетіп, эко-шырша қалалықтардың көзін қуантып тұр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, эко-шырша тоқу флешмобына қатысушылар 20 сантиметрлік  2 мыңнан астам шаршыны тоқып шықты.  Шырша «Астана Бәйтерек» монументіне қарсы орнатылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.