Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа парламенттен не күтеміз?

c 21:15, 10/01/2021 c 607

0:00 / 0:00

Елдегі сайлау науқаны мәресіне жетті. Елдегі карантинге қарамастан сайлаушылардың белсенділігі байқалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қостаған, министрлер мен депутаттар, әкімдер  сайлауға түсіп жатқан партия басшылары төрт көз түгел сайлауға қатысып, дауыс берді. Еліміздің тұңғыш Президенті , сайлаудан соң пандемиядан шығу және елдегі экономикалық дағдарысты еңсеретін бағдарлама әзірлеуді тапсырмақшы.

Бұл жолғы сайланған парламенттің жетінші шақырылымы өзгеше болады. Әйел депутаттар мен жас депутаттар саны артып отыр. Сондай-ақ, оппозицялық парламент болады деп отыр. Алайда, елдегі жалғыз оппозициялық ұстанымдағы Жалпыұлттық социал -демкоратиялық партиясы бұл сайлауға байкот жариялағаны есімізде.

Ал мәжілістің алтыншы шақырылым депутаттары ендігі Нұрсаядағы қызметтік пәтерлерін тапсырып, жүгін буып-тиіп жатыр. Депутаттықтың тәтті күндерін толық сезініп үлгермеген актер Нұрлан Әлімжанов парламентте жүріп, не шаруа тындырғанын айта алмады.

Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланған депутат Мұрадов, ауылына кетпекші.

Мәжіліс спикерлерінің ішінде өткір тілді, сыншылдығымен есімізде қалатын  Нұрлан Нығматулин парламентке қайта оралуы мүмкін бе?

Не керек, экс-депутаттардың тағдыры партияның қолында. Сайлаушылардың батасын алған саяси партиялар мәжілістен бұйырған орын санына қарай, кандидаттарын тізім бойынша өткізетін болады. Ал жаңа Парламент жұмысына кіріскен соң, бірден Асқар Мамин үкіметі отставкаға кетеді. Премьер-министрлікке үміткерді Президент партия фракцияларының басшыларымен ақылдасады. Яғни Тоқаев ұсынған кандидатқа Мәжілістің батасы керек болады. Айта кету керек, сайлау күні ІІМ күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қырың мың полицей қауіпсіздікті назарында ұстап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.