Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ЕСКЕРТУСІЗ ТЕКСЕРЕ АЛАДЫ

c 15:15, 09/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі дәріханалардағы дәрілік заттардың сапасын алдын ала ескертусіз тексере алады. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Министрлік алдын ала хабарламастан тексеру жүргізіп, дәрілік препараттардың үлгілерін зерттеу үшін алуға құқылы болады. Заңда көзделген жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі мен дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің қолданысы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар дәрілік препараттарды өндірушілердің өтінімін күтпей-ақ, мемлекеттік бастама негізінде тіркеу тәртібі енгізіледі. Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор сатып алған 112-ден астам дәрілік препаратты тіркеу жұмыстары басталған. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, жаңа шаралар пациенттердің қажетті дәрі-дәрмекке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге, соның ішінде ауыр және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған препараттармен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұдан бөлек, елімізде дәрілік заттардың жанама әсерлерін бақылаудың цифрлық жүйесі дамытылып жатыр. Ол медициналық ақпараттық жүйелермен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық деректер базасымен интеграцияланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.