Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МАЛДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ СОЮ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

c 08:47, 07/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда малды есепке алу және сою талаптары күшейтіледі. Енді шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы жануарларын өз қаражаты есебінен бірдейлендіруге және ветеринар маманмен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Сондай-ақ малды сату, сою немесе бірдейлендіру құралдары бүлінген жағдайда белгіленген мерзімде хабарлауы тиіс. Бұл талаптар «Ветеринария мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған. Құжатты 4 қарашада Құрылтай депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Құрылтайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа заң жобасы ветеринария саласындағы субъектілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ сатуға немесе қоғамдық тамақтандыру орындарында пайдалануға арналған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті таңбалау енгізілмек. Бұл талап ветеринариялық препараттар мен жемшөпке де қатысты болады. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкес ветеринариялық препараттардың айналымын бақылау үшін фармацевтикалық инспекция құру көзделген. Оған фармакологиялық қадағалау жүргізу және ветеринариялық препараттар өндірісіне сәйкестік сертификатын беру өкілеттігі жүктеледі деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.