0:00 / 0:00
Қазақстан вице-президенті Ерлан Қарин конституциялық құндылықтарды нығайтуға шақырды. Ол өз сөзінде елдің идеологиялық күн тәртібін қалыптастыратын негізгі құндылықтарға тоқталды. Вице-президенттің айтуынша, Конституция мемлекеттің құқықтық негізін ғана емес, қоғамның құндылықтық іргетасын да айқындайды. «Тарихымызда алғаш рет ел идеологиясы нақты құрылымға ие болып, мазмұндық тұрғыдан толықтырылды», - деді Ерлан Қарин. Оның сөзінше, білім, еңбекқорлық, ғылым және прогресс құндылықтарын кеңінен дәріптеу қажет. Сонымен қатар надандық пен радикализмнің таралуына қарсы тұру маңызды. Вице-президент Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындауға да ерекше назар аударды. Оның ішінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні ескере отырып, мемлекеттік басқару жүйесін реформалау міндеті бар.







