Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БАНК ШОТТАРЫ ЖАППАЙ БҰҒАТТАЛУДА

c 08:43, 07/11 c 1

0:00 / 0:00

Мобильді аударымдарды бақылаудан кейін қазақстандықтардың банк шоттары бұғаттала бастады. Мемлекеттік кірістер комитеті бұған қатысты түсініктеме берді. Ведомство өкілдері шоттардағы шығыс операциялары қандай жағдайда тоқтатылатынын және бұғаттауды қалай алып тастауға болатынын айтты. Комитеттің мәліметінше, банк шоттары камералдық бақылаудың жүргізілуіне байланысты емес, салық төлеушінің ескертуге уақытында жауап бермеуі салдарынан бұғатталады. Қазір мемлекеттік кірістер органдары екінші деңгейлі банктерден алынған мәліметтерді, соның ішінде POS-терминалдар арқылы түскен қаражат пен мобильді аударымдарды тексеріп жатыр. Егер бұл деректер салық есептілігіндегі мәліметтермен сәйкес келмесе, салық төлеушіге тиісті хабарлама жіберіледі. Ведомствоның хабарлауынша, мұндай ескертулер қыркүйек айында жолданған. Салық төлеуші хабарламаны жеке кабинетіне алған күннен бастап 30 жұмыс күні, яғни 45 күнтізбелік күн ішінде жауап беруі керек. Егер осы мерзімде жауап берілмесе, азаматтың банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.