Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ КҮРТ ӨСКЕН

c 08:30, 07/11 c 1

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында қызылша ауруы 17 есеге жуық өскен. Тоғыз айда өңірдің 303 тұрғынына осы диагноз қойылған. Ал өткен жылдың дәл осы кезеңінде небәрі 18 жағдай тіркелген. Ауырғандардың басым бөлігі - екпе алмаған балалар. Сонымен қатар үш мыңға жуық ата-ана балаларына вакцина салдырудан бас тартқан. Аурудың таралуына байланысты медицина қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, қосымша иммундау жүргізіп жатыр. Мамандардың айтуынша, қызылша - өте жұқпалы инфекция. Ауру бастапқыда дене қызуының көтерілуі, жөтел және мұрыннан су ағу белгілерімен басталады. Кейін денеге бөртпе шығады. Ауыр жағдайда пневмонияға, жүйке жүйесінің зақымдануына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Мамандардың айтуынша балалардың арасында да бұл ауру белең алған, басты мәселе - ата-аналардың екпеден бас тартуы. Олардың кейбірі діни себептерді алға тартса, енді бірі интернеттегі шындыққа жанаспайтын ақпаратқа сенеді. Дәрігерлер инфекциядан қорғанудың ең тиімді жолы - вакцинация екенін ескертеді. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, биылғы тоғыз айда тіркелген науқастардың оннан тоғызы екпе алмаған. Қазір өңірде бір және алты жастағы балаларға жоспарлы вакцинация жүргізіліп жатыр. Бір жастағы балалардың 85 пайызы, ал алты жастағылардың 75 пайызы екпе алған. Үш мыңға жуық ата-ана вакцинациядан бас тартқан. Түсіндіру жұмыстарынан кейін олардың 600-ден астамы баласына екпе салдыруға келіскен. Мамандар вакцина қоры жеткілікті екенін айтады. Биыл оны сатып алуға 9 миллион теңге бөлініп, қосымша үш мың доза алынған. Қазір қоймада 15 мың доза вакцина бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.