Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАР АУЫЛДА БЕС ЖЫЛ ЖҰМЫС ІСТЕУ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАМАҒАН

c 15:24, 09/11 c 1

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында ауылдық жерлерде мемлекеттік қолдауға ие болған бірқатар жас маман белгіленген бес жылдық еңбек өтілін өтемеген. Облыстық прокуратура өкілдерінің мәліметінше, олар өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындамай, жұмыстан мерзімінен бұрын босап кеткен. Алайда бюджеттен алған қаражатын мемлекетке қайтармаған. Жәнібек ауданында жүргізілген тексеру барысында мамандарға біржолғы әлеуметтік төлем берілгені анықталды. Алайда бұл көмекті алудың негізгі шарттарының бірі – ауылдық жерде кемінде бес жыл жұмыс істеу болатын. Соған қарамастан, мемлекеттік қолдауға ие болған кейбір мамандар өз міндеттемелерін орындамай, еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде берешекті өндіріп алу туралы талап-арыздар сотқа жолданды. Сот прокуратураның барлық талабын қанағаттандырды. Қазіргі уақытта сот шешімдері бойынша атқару парақтары мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жолданған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.