Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа мектептің құрылысы қыркүйекте аяқталмақ

c 17:39, 20/07/2020 c 612

0:00 / 0:00

Орал қаласында эстетикалық бағытта білім беретін мектеп-гимназияның құрылысы қыркүйекте аяқталмақ. Білім ордасы 450 балаға арналған. Нысан "КПО БИВИ" компаниясының есебінен салынып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы үшін 1 млрд. 700 млн. теңгедей қаражат бөлініпті.

Орал қаласында тағы бір мектептің құрылысы аяқталмақ. Жаңа ғимарат Жұлдыз шағын ауданында орналасқан. Мектеп -гимназияның құрылысы өткен жылдың сәуірінде басталып, он сегіз ай дегенде аяқталуы тиіс. Алайда мердігер компания өкілдері жаңа оқу жылына ғимаратты толықтай табыстаймыз дейді. Қазіргі таңда нысанның іргетасы қаланып, шатырып жабылып, ішкі сырлау жұмыстары аяқталыпты. Мектеп 450 балаға арналған.

Жаңа ғимараттың құрылысын эстетикалық бағытта білім беретін мектептің педагогтары мен оқушылары көп күтті. Жалпы мектеп өз жұмысын 26 жыл бұрын бастапты. Содан бері бұрынғы балабақшаның ғимаратында тәлім беріп келген. Ата-аналар жаңа ғимарат көңілімізден шығады, дән ризамыз,- дейді.

Эстетикалық бағытта білім беретін мектеп -гимназиясы биылғы оқу жылынан бастап қазақша сынып ашпақ. Бірінші сыныптан бастап, 11-шы сыныпқа дейін оқушыларды оқытпақ. Осы кезге дейін аталмыш мектеп-гимназиясы орыс тілінде сабақ берген еді. Құжаттарды қабылдау ертеңнен, яғни 21 маусымнан басталады. Сала мамандары қазақ сыныптарына 700 баланы қабылдаймыз,- дейді. Қазіргі таңда аталмыш мектепте 500-ден астам бала білім алады.

Мердігер компания өкілдері мектептің құрылысын жаңа оқу жылына дейін аяқтап, тапсырамыз деп жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.