Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЛҒАН ВАКЦИНА ПАСПОРТЫН САТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

c 10:03, 20/09/2021 c 607

0:00 / 0:00

Елде жалған вакицна паспортын және ПТР-анықтамасының нәтижесін сату бойынша 156 қылмыстық іс қозғалды. Ішік істер министрлігінің хабарлауынша, қауіпті індетке қарсы екпе жасау науқаны басталғалы қанша профилактикалық шаралар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуіне қарамастан, жалған медициналық құжаттарды дайындау және пайдалану тыйылмай тұр.Елордада 15 қыркүйекте қалалық емхананың 2 медбикесі мен делдал – мектеп мұғалімі ұсталды. Ұйымдасқан топ маусым айынан бастап жалған вакцинация паспортын жасап, сатқан. Алдын ала мәлімет бойынша 100-ге жуық азамат жалған паспорт алған.

Коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталғалы, екпеден күманданған азаматтар оның басқа жолын тапқан. Яғни медициналық мекемелерде вакцина жасатты деген электронды паспорт сатып алу түк қиындық туғызбай отыр. Ол үшін вакцина паспортын жасап, сатуды бизнес көзіне айналдырған қылмыстық топтар бар. Тіпті, жалған вакцина құжатын жасатқысы келген клиенттерді құпия сөзбен қабылдайды екен.Нұр-Сұлтандық полицейлер  қалада ПТР тест анықтамасын және вакцинация паспортын жасап сататын адамдарды анықтады. Бұл жолы 38 және 40 жастағы 2 медицина қызметкері мен біреуінің 44 жастағы күйеуі ұсталды. Олар сақтық үшін жалған паспорт жасатушыларды тек таныстарының кеңесі бойынша ғана қабылдаған.

Қазір полиция барлық факті бойынша жалған екпе алған адамдарды анықтап жатыр. Сотқа 20 қылмыстық іс жолданды, 17 адамға 583 мың теңге айыппұл салынды. Ішкі істер министрлігінің хабаралуынша, мұндай жағдай Маңғыстау облысында да тіркелді. 30 мың теңге үшін жалған вакцина паспортын сатумен айналысқан сегіз адам, соның ішінде 4 медицина қызметкері ұсталды. Олар 150-ден астам азаматқа жалған екпе паспортын сатқан. Ал Ақтөбе қаласында жеке клиниканың медицина қызметкері мен делдалдық қызмет көрсеткен жұбайына қатысты сот шешімі шықты. Жалған вакцина құжатын сатқан ерлі-зайыптылардың әрқайсысына 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Осылайша қауіпті індетке қарсы екпе жасау науқаны басталғалы жалған медициналық құжаттарды дайындау және пайдалану тыйылмай отыр. Жалған вакцина паспортын және ПТР-анықтамасының нәтижесін сату бойынша 156 қылмыстық іс қозғалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.