Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жағымсыз иіс

c 17:57, 21/09/2020 c 497

0:00 / 0:00

Абай даңғылы мен Құрманғазы көшесі қиылысар тұстағы қолқаны қабатын иіс барша оралдықтарға таныс. Қос көшеде орналасқан үйлердің тұрғындары терезе ашып, таза ауа жұтудан қалдық,- дейді. Дендерінің саулығын сақтау үшін және қапырық ауадан мезі болғанда түрлі салқындатқыштардың көмегіне сүйеніп отырғанын айтады. Жағымсыз иістің кесірінен бизнес субъектілері де зардап шегіп отыр. Кәсіпкерлер дүкенге келетін тұтынушылардың сасық иіске жиі шағымданып, ескерту жасайтындарын айтады.

Облыс орталығының Абай даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысар тұсындағы жағымсыз иіс тұрғындар мен қала тұрғындарының қордаланған мәселесіне айналды. Сол маңда тұратын халық көп жылдан бері үйлерінің терезесін аша алмай отыр. Себебі қолқаны қабатын иіспен тыныстау мүмкін емес.

Даңғыл бойында өз кәсібін ашқан жандар да жағымсыз иістің зардабын тартып отырғанын айтады. Олар тұтынушылар осы иістің кесірінен дүкенге кірмей, кірген күннің өзінде сасық ауаға шағымданады,- дейді.

Жағымсыз иістің қашан жойылатынын сұрап "Батыс су арнасына" барған едік. Мамандар күрделі мәселені шешу үшін №3 кәріз жүйесінінің жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық -сметалық құжаттар дайындалып жатқанын айтады. Аталмыш кәріз жүйесі 1965 жылы қолданылуға беріліп, бүгінде тозығы жеткен.

Құжат сараптамадан өткеннен кейін, жөндеу жұмыстары басталмақ. Бірақ ол келер жылы аяқталуы екіталай. Жалпы Орал қаласында 30-дан астам кәріз жүйесі бар. Олардың үшеуі әбден ескірген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.