0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында муфталарды кесуге арналған жаңа өндірістік цех іске қосылды. Бұл жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға серпін беретін маңызды қадамдардың бірі. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі қатысып, өндіріс барысымен танысты. Ол заманауи технологиялармен жабдықталған цехтың жұмыс процесін өз көзімен көріп, мамандармен пікір алмасты.










