Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Вирустың екінші толқыны бола ма?

c 06:00, 07/05/2020 c 382

0:00 / 0:00

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 4 мың 300-ге жуқықтады. Оның 1 мың 300-і жазылып шықты. Өкінішке орай бүгін тағы бір адам көз жұмды. Ол 1952 жылғы Алматы қаласының тұрғыны. Осылайша, қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 30-ға жетті. Ал елімізде эпидемия басталғалы бері 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратынан сауығып шықты. Қазіргі уақытта 7 сырқат жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Жалпы алғанда, эпидемия басталғалы жансақтау бөлімінен 69 сырқат емделіп шықты.

Екі айға жуық карантин талабында өмір сүріп жатқан қазақстандықтарға бұл жағдай оңайға соғып отырған жоқ. Әсіресе жұмыссыз қалғандар, шағын бизнесін өрлетіп отырып табысынан айырылғандар әбден қиналуда.  Қауіпті індеттен қорғану үшін оқшаулануға тура келді. Дегенмен, мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетіп, бірқатар кәсіпорындар мен бизнес субьектілеріне жұмыс істеуге рұқсат берді. Бірақ жұмыс орнында санитарлық норма қатаң сақталуы тиіс. Қазір елорда көшелері жанданып, көліктер қозғалысы көбейген. Аулада жүруге рұқсат алған тұрғындардың қарасы да артып жатыр. Президент төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созғаны мәлім. Қазақстандықтар дәл сол күні арқаны жайға саламыз деген үмітте. Алайда  елімізде аты жаман ауруды жұқтырғандар саны 4 мыңнан асып жығылды. Бұл карантин мерзімін  ұзартуға әкеп соқпай ма деген сұрақ туындайды.

Тимур Сұлтанғазиев- ҚР ДСМ комитет төрағасы; «Инфекцияны жұқтыру  көрсеткіштерінің өсуі туралы айтатын болсақ, коронавирус жұқтырғандардың саны азайып жатыр. Сәуірде орташа көрсеткіш 15-16 пайыз болатын, ал соңғы аптада ол көрсеткіш 7 пайыздан асып жатқан жоқ, соңғы үш күнде тіпті 4 пайыздан аспады. Қазақстанда карантин мерзімін ұзарту мәселесі Мемлекеттік комиссия мен бас санитар дәрігердің бақылауында. Бірақ, карантинді алып тастаудың нақты шарттары бар. Ол шарттар орындалуы үшін халық  Денсаулық сақтау министрлігі айтқан шараларды ұстануы қажет» 

Мамандар, COVID-19 вирусын қанша ауыздықтағанымызбен, оның екінші толқыны болуы мүмкін деген жағымсыз болжам айтады. Қазақстанда жағдай қалай болмақ?

Ал елорда әкімдігі егер эпидемиологиялық жағдай тұрақтанса, 11 мамырдан кейін қалада қоғамдық көліктерді жүргізуді  жоспарлап отыр. Қоғамдық көліктерді барлық санитарлық норма сақталатын болады. Жолақы билетін картамен, смспен төлейсіз. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда автобуста фейс-бақылау арқылы жолақы төлеу жобасы пилоттық режимде жүзеге асырылып жатқаны мәлім. Адамның жүзін есте сақтап қалатын бағдарлама бар. Камераға қарасаңыз болғаны, сізден ақша алынады. Ал жұмысын енді бастап жатқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында   арақашықтықты  1,5-2 метрде сақтау қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.