0:00 / 0:00
Мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесі бүгінде жаңа форматқа көшіп келеді. Жас мамандарды қолдау және ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын азайту мақсатында бірқатар өзгерістер енгізілді. Соның бірі – жоғары оқу орындарының үздік түлектерін конкурссыз мемлекеттік қызметке тағайындау мүмкіндігі. Батыс Қазақстан облысында осы бағдарламаның игілігін көріп отырған жас мамандар бар. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке іріктеудің цифрлық жүйесі де іске қосылды. Толығырақ сюжетте.







