Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Топ менеджерлердің жалақысы қанша?

c 19:52, 04/12/2019 c 1269

0:00 / 0:00

«Астана» Халықаралық Орталығы қызметкерлерінің жалақысы жаман емес. Қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов Парламент мәжілісінің дәлізінде журналситерге берген сұқбатында, жалақы көлемін атады. Орталық қызметкерлері бонус алмайды, бірақ жалақылары «Бәйтерек» Холдингі деңгейінде екен.  Бүгін мәжілісте "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасы қаралды.Заң жобасы "инвестициялық резидент" ұғымын және Қазақстанда "инвестициялық салық резиденттігі" бағдарламасын енгізуді көздейді.

Айта кету керек, мұндай халықаралық деңгейдегі қаржы орталығын кеңес дәуірі құрамында болған елдер ішінде  Қазақстан бірінші боп ашты. Британдық заңгерлердің көмегімен құрылған орталықтың басты міндеті –инвестиция тарту. «Астана» Халықаралық Орталығы соңғые кі жылда 2,5 млрд доллар инвестиция тартты дейді Келімбетов мырза. Ағылшын заңнамасының талаптары негізінде арнайы юрисдикция құрылды. Халықаралық орталықтың соттар құрамында 10 заңгер бар.Ал қаржы орталығы қызметкерлерінің жалақысы 2 млн теңгеге жетіп жығылады екен.

Қайрат Келімбетов  - «Астана» халықаралық қаржы орталығының  басқарушы директоры; «Бірден айтайын, бізде бонус жоқ. Жалақы "Бәйтерек" холдингі деңгейінде. "Бәйтеректе" басқарушы персонал  менің білуімше, орта есеппен 5 мың долларға жуық алады».

Теңгеге шаққанда  1 млн 900 мың теңге көлемінде. Халықаралық қаржы орталығы Назарбаевтың туындысы болып табылады.  Ол «Дубай биржасы» үлгісі бойынша құрылған. Сондай-ақ, сол Дубай орталығы сияқты елордадағы қаржы орталығы  еркін экономикалық аймақ мәртебесін алды.  Онда ағылшын тілінде жұмыс істеп, шетелдіктерді жұмысқа тартады.  Үлгі қылып отырған Дубай орталығына топ-20  кіру үшін 10 жыл қажет болды. Экономистердің айтуынша,  жергілікіт биржа нарығының көлемі өте аз. Мүмкін содан болар, Келімбетов мырза қазақстандықтарды акция сатып алуға шақырып отыр.

Қайрат Келімбетов  - «Астана» халықаралық қаржы орталығының  басқарушы директоры; «Мен Халықаралық қаржы орталығында істегендіктен, биржаның құнды қағаздарына инвестиция құйып, ҚазМұнайГаздың ІРО-сына дайындалып, биржа жаңалықтарынан хабардар жүруге кеңес беремін».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.