Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТЕМІРТАУДЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

c 17:38, 17/11/2020 c 1620

0:00 / 0:00

Экологиялық ахуалы нашарлаған Теміртау қаласына енді көңіл бөліне бастады. Металлургиялық қала Теміртаудың ауасы әбден ластанған. Теміртау қаласының экологиясына «Арселор Миттал Теміртаудың» 83 пайыз қалдығы әсер етуде. Бүгін энергетика министрлігі мен  «ҚазТрансГаз» АҚ және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Теміртау металлургия комбинатына тауарлық газды жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум қоршаған ортаны қорғауға сәл де болса септігін тигізеді дейді  энергетиктер.

Ауасы, топырағы мен суы ластанған Теміртаулықтар үшін бұл басты проблемаға айналған. Комбинаттардан шыққан қалдықтар қалаға зор зиян келтіріп отыр. Қыстың күні Теміртауда жауған қарыңыз сұр түске боялады.  Қоғамдық экологиялық зерттеу бұған дейін тазартылған Нұра өзенінің алқабында тұрғындар өміріне қауіпті сынап барын да айтуда. Қала тұрғындары түсі қарайған қар мен қою түтін басқан қаланың фото және видеосын әлеуметтік желіде күнде  жариялайды. Әсіресе желсіз аяз болған күні бұл проблема қатты білінеді. Адамдар терезелерін аша алмай қалады. Енді Энергеткиа министрлігі мен «ҚазТрансГаз» АҚ және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ  қол қойған меморандум Теміртау металлургия комбинатына тауарлық газды жеткізуді қамтамасыз ететін болады.  «Сарыарқа» магистральдық газ құбырына қосу арқылы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өз өндірісінде газды қолданатын болады. Бұл комбинаттан ауаға тараған шығындылардың көлемін азайтады.

Жұмабай Қарағаев – ҚР энергетика вице-министрі«Жалпы жылдық көлемі 300 млн м3-ден 600 млн. м3-ге дейін 15 жылдан кем емес кезеңге  тауарлық газды жеткізу бойынша ынтымақтастық орнату жоспарланды. Экологиялық әсер қоршаған ортаға эмиссияны жылына  6640-тан 49 230 тоннаға дейін жоспарлы азайту болады, бұл аймақтағы экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.Жыл сайынғы қалдық шығару 6,5 мың тонна құрайды. Бірден 30 пайызға азайту мүмкін емес. Комбинат көмірді қолданудан толық бас тарта алмайды»

Теміртаулықтарда "қаланың ауасын көріп, иіскеп қана қоймай, қолмен ұстап көруге де болады" деген әзіл бар. Бұл ащы шындық.  Зиянды қалдық терезе мен киім-кешекке, машинаға жабысады. Теміртау қаласының экологиясына «Арселор Миттал Теміртаудың» 83 пайыз қалдығы әсер етуде.

Биджу Наир – «Арселормиталл Теміртау» АҚ бас директоры «Осы келісімге сәйкес, мазут пен көмірді газбен алмастырамыз. Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған. Сол үшінҚазақстан үкіметіне рақмет!»

Бүгін қол жеткізілген құжат Теміртаудағы металлургия комбинатының қоршаған ортаға шығарындыларды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деген үміт бар. Тек Теміртау қаласы ғана емес, Қарағанды облысының экологиялық жағдайы мәз емес. Облыста жыл сайын ауаға 590 тоннаға тарта зиянды шығарылымдар таралады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.