Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балабақшада бір жарым жасар бала ыстық сорпаға күйіп қалған

c 16:12, 29/10 c 1

0:00 / 0:00

Астанада бір жарым жастағы бала балабақшада III дәрежелі күйік алған. Баланың анасы полицияға арызданған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға 2 қазанда болған. Баланың анасының айтуынша, бүлдіршін ыстық сорпаға күйіп қалып, денесінің 10 пайызы зақымданған. Жарияланымда анасы балабақша әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көрсетпей, оқиғаға қатысы барын жоққа шығарып отырғанын мәлімдеген. Осыдан кейін ол полиция мен мемлекеттік органдарға жүгінген. Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамаған балабақша қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу аясында бейнебақылау камераларындағы жазбалар тәркіленіп, зерделеніп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.