Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тексеріс күшейеді

c 15:39, 18/01/2019 c 692

0:00 / 0:00

БҚО "Автобус" жедел - профилактикалық іс шарасы басталды.17 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері барлық автобустар мен жолаушы тасымалымен айналысатын жеке тасымалдаушыларды тоқтатып тексеретін болады.Жолдағы қауіпсіздік пен адам өмірін қауіптен сақтау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара барысында барлық көліктер тексерілетін болады.Тексеріс барысында жүргізушінің құжаттары, рұқсатнамалары көліктің барлық талапқа сай болу мәселесі жіті қаралады дейді инспекторлар.

"Автобус" жедел - профилактикалық іс шарасы 17 - 19 қаңтар аралығында өтеді.Осы күндері облыс аумағында жолаушы тасымалымен, жүк тасымалымен айналысып жүрген барлық көліктер тоқталып тексерілетін болады.Рейдтің алғашқы күні - ақ "Мерседес" маркалы автокөлік тоқтатылып, тексеріс барысында бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Белгілі болғандай Рубеж - Орал бекетінде тоқтатылған автокөлік Шымкент қаласына қарай бағыт алған.Автокөлік салонында Өзбекстан азаматтары екендігі де анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік кодекстің 3 бірдей бабы бойынша хаттама толтырылды.Жүргізуші жолаушы тасымыалында олардың қауіпсіздігін ескермеген, яғни белдіктер тағылмаған, одан басқа көлікте басқа жүргізушінің болмауы, әрі қосымша орындықтардың орналастырылуы секілді құқық бұзушылықтар анықталды.
Былтыр қоғамдық көліктердің қатысымен 11 жол - көлік оқиғасы тіркелген. Соның ішінде 7 адам қаза тауып, 15 адам түрлі дене жарақатын алған.Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция өкілдері тұрындарға төмендегідей ескерту айтады.
Автобус жедел профилакатикалық шарасы 19 қаңтарға дейін жалғасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.