Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тағы бір адам көз жұмды

c 19:45, 31/03/2020 c 519

0:00 / 0:00

Әлемді қармап жатқан аты жаман індеттен елімізде екінші адам  қайтыс болды. Кісі өлімі  Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр. Елорданың  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың хабарлауынша, 50 жастағы науқас наурыздың 21 күні жедел жәрдеммен ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, марқұм бір ай бойы ауырып жүрген. Жалпы Қазақстан бойынша 325 адам коронавирус індетін жұқтырды. Қостанай облысынан басқа, барлық аймаққа індет тарап отыр. Ендігі 11 облыста карантин жағдайы енгізілуде. Осы және карантин барысы жайында толығырақ елордалық тілшіміз хабарлайды.

Өкінішке орай, елде осымен  қауіпті індеттен көз жұмған екінші адам тіркеліп отыр. Нұр-Сұлтан қаласында 50 жастағы науқас бір ай бойы ауырып жүріп, дәрігерге қаралмаған дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Марқұм наурыздың 21 күні ауруханаға түскен. Кеше түнде ауруханада қайтыс болды.  Жұмысында іссапарға жиі шығып тұрған көрінеді. Онымен тығыз байланыста болған 31 адам қазір ауруханаға жатқызылды. Тағы 55 адам үй карантиніне бекітілді. Марқұмның отбасында тағы екі адамнан коронавирус анықталып отыр.

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру болжамы да жоқ емес. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша,  карантин талаптарын қатаң сақтаған жағдайда  3,5 мыңнан аса адам індетке шалдығуы  мүмкін. Елде науқастарды емдеу барысында қажетті өкпені жасанды желдету аппаратының 3 мың данасы бар екен. Алайда, бұл аппарат тез тозатындықтан, қажеттілік туныдауы мүмкін. Министрдің айтуныша, отандық өндірушілер бұл аппаратты жасап шы,аруға кірісіп жатқан көрінеді.

Бүгінгі мәліметте коронавирус жұқтырғандар саны 300 –ден асып кетті. Оның басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында. Індет еліміздің барлық аймағына тарап отыр. 8 науқастың жағдайы ауыр. Оның төртеуі жасанды демалу аппаратына қосылған. Отызының жағдайы орташа. 21 адам жазылып шықты. Екі адам қайтыс болды. Алайда, әлемді шарпып отырған қауіпті вирустың қасіретін кей адамдар түсінбей отыр. Карантин талаптарын бұзушылар күннен-күнге артуда.Елордада соңғы үш күнде 307 адам полицияға жеткізіліп, 369 әкімшілік жауапкершлікке тартылды. 80 адам қамауға алынды. Тіпті қала сыртындағы бекеттерден өтуге тырысқандар қаншама.

Қауіпті індеттің таралуын тежеу мақсатында республиканың 11 өңірінде карантин жарияланды. Қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.