Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс

c 17:41, 02/03/2018 c 658

Әлем елдерінің барлығын аса қауіпті жемқорлық індеті жайлаған. Адам қолымен жасалатын қылмыс елдің экономикалық дамуына кедергі келтіріп, адамзаттың рухани тұрғыда құлдырауына алып келетіні сөзсіз. Қоғам індетімен күресу үшін елімізде түрлі шаралар легі ұйымдастырылып жатыр. Алайда, олардың нәтижесі көңілді көншітпейді. Жыл сайын заң талаптары күшейтіліп жатқанмен жемқорлыққа жол беретін жағдайлардың саны еселеп артып келеді. Күні кеше ғана облыс орталығында қызмет жасайтын үш полиция қызметкері пара алып, қолға түскендігі баршаға аян. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында бармақ басты, көз қысты мәселелер орын алмау үшін елімізде "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" қызмет жасауда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау мақсатында құқық қорғау қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдары түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жиын барысында сөз алған полиция қызметкерлері өздерінің стуктурасында жемқорлық қылмысымен қалай күресетіндігімен бөліскен еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.