Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Стати шағымын қайтарып алды

c 21:01, 15/11/2019 c 788

0:00 / 0:00

Молдовалық кәсіпкер Анатол Стати Нью-Йоркте Қазақстанға қарсы шағымын кері қайтарып алды. Әділет министрлігінің хабарлауынша, Анатол мен Габриэль Стати ағымдағы жылдың 12-і  қарашасында  Нью-Йорктің аудандық сотына Қазақстанға қарсы шағымынан өз еркімен бас тарту туралы хабарлама жіберген. Еліміздің бас заңгері Марат Бекетаев Статидің бұл әрекеті, оның алаяқтық жасағанын дәлледеп отыр дейді. Енді Қазақстан Стати шағымданған тағы 4 елдегі сот ісінде күресетін болады.

Қазақстанды сотқа берген  молдовалық олигарх Анатол Стати осыдан он жыл бұрын Маңғыстау облысында газ өңдейтін зауыт салуы керектін. Алайда құрылысты уақытында бітпей,  шетелдік инвесторларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанды. Бірақ Стати Қазақстанға қарсы арыз түсіріп 4 миллирд доллар талап еткенді. 2013 жылы халықаралық арбитражды сот Статидің пайдасына шешім шығарып,  Қазақстан жағы 500 млн доллар беру керек болған еді.  Бірақ, ел үкімет онымен келіспей, Лондон соты арқылы сол шешімнің күшін жойды. Қазақстан жағы Статидің сотқа ұсынған мәліметтері алаяқтық жолмен жасалған деп отыр. Ал бұл дау-дамай  Ұлттық қордың Нью-Йорк Меллон банкінде жатқан 22,5 миллиард  долларын бұғаттауға әкеп соқты.  Бұдан кейін, Статиге қатысты шулы іс бірнеше елдің сотында қаралуды. Он жылға созылған соттасу жалғасуда. Ал ағымдағы жылдың 12 қарашасында Анатол мен Габриэль Стати Нью-Йорктің аудандық сотына Қазақстанға қарсы шағымынан өз еркімен бас тарту туралы хабарлама жіберген. Статидің бұл әрекеті оның алаяқтығын дәлелдеп отыр дейді әділет министрі.

Қазақстанды өздерінің меншігіне рейдерлік жасады деп айыптаған молдовалық олигарх Стати бұған дейін, Ұлыбританияның жоғарғы сотынан өзі арызданған  істің жабылуын қалап, талап-арызын қайтарып алғанды. Дегенмен, біздің ел үшін Статимен күрес мұнымен тоқтамайды. Қазіргі уақытта Қазақстан бірнеше елде алаяқтыққа қатысты сот ісін жүргізуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.