0:00 / 0:00
Шаһарымызда Спорт күніне арналған «Спорт - рух, бірлік, жеңіс» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты кешке спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, спортшылар мен сала қызметкерлері жиналды. Биылғы мереке ерекше форматта ұйымдастырылып, сала үздіктері марапатталып, көрермендерге заманауи шоу концерттік бағдарлама ұсынылды.










