Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сот ісі жалғасуда

c 18:41, 16/01/2020 c 593

0:00 / 0:00

Бурабай курорттық аймағындағы көлдерді тазалауға бөлінген қаржыны жымқырды деп күдікке ілініп, айыпталып жатқан энергетика министрлігінің бұрынғы орынбасарлары Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібекке қатысты сот ісі жалғасуда. Бүгінгі сот отырысында осы лауазымды тұлғалармен ауыз жаласты деген мердігерлік ұйым басшысы Дуанбектің қорғаушысы, сотқа дейінгі тергеу органдарының қателігін дәлелдеймін деп мәлімдеді. Адвокат Аманғалиевтің айтуынша, бұл істе ешбір қылмыстық заң бұзушылық деректері делелденбеген.

Нұр-Сұлтан қаласының аудандық сотында өтіп жатқан сот ісінде екі бірдей экс вице-министр Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібек және олармен ауыз жаласты деген тағы алты адам жауапқа тартылуда. Сот ашық түрде өтіп жатыр. Бірақ сот отырыс барысында кейбір айыпталушылар бет бейнесін көрсетуге қарсылық білдірді. Еске сала кетейік, Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Бақытжан Жақсалиев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазартуға бөлінген қазына қаражатын талан-таражға салды деген күдікке ілініп отыр. Тергеудің мәліметінше, Жақсалиев көлді тазарту бойынша жұмыстарды қабылдау барысында «Аймақ и К» компаниясымен ауыз жаласып, 30 есе артық бағаланған жұмысты біле тұра қабылдап, нәтижесінде мемлекетке 746 млн теңге шығын келтірді.  Сөйтіп жалпы сомасы 863 млн теңге  мердігердің есеп-шотына аударылған. Ал екінші экс вице-министр Ғани Сәдібеков  «Аймақ»  мердігерлік ұйымының басшысы Дәурен Дуанбекпен сөз байласып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген қаржыны жымқырды делінгенді. 3,6 млрд теңге беріліп, осы сомадан 1 млрдт теңге жымқырылған.Алайда, мердігерлік ұйым басшысының қорғаушысы мұның бәрін жоққа шығарып отыр.

Серік Аманғалиев – қорғаушы; «Мен ешбір қылмыстық заң бұзушылықты көріп тұрғам жоқ. Мүлдем. Себебі, дәлел жоқ. Меніңше біз бұл істің неге қозғалғанын, сотқа дейінгі тергеу органдары қандай қателік жібергенін дәлелдейміз. Олар бұл жұмыстың ерекшелігін білмейтін болып шықты.Қасақана жасалған. Адамдар қамауда отыр. Бүкіл елге 3 млрд теңге ұрлады деп жариялап тастады. Кейін олар істің негізін түсінгенде артқа шегіне алмады. Тергеу органдары істі тоқтата алмады. Себебі, өздерінің қызметін ойлады»

Адвокаттар Бурабайдағы көлдерді тазалау жобасы қымбат екенін айтады.  Ал оны жүзеге асыру үшін заманауи технология, жабдықтар қолданылады. Ең бастысы бұл істе мемлекетке келген шығын жоқ дейді олар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.