Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сот әділдігі керек

c 21:21, 18/10/2019 c 758

0:00 / 0:00

Қазақстанда сот әділдігіне күмән келтірушілер саны артып отыр. Сот шешіміне көңілі толмаған шағымдар да өскен. Сол себептен болар, қызметке алу барысында  сотқа талап қатаңдатылып,  96 пайызы жіті таңдаудан өтеді. Судьяларға қойылатын талаптардың күшейтілетіні жайындағы мәселе сот жүйесіне арналған халықаралық дөңгелек үстел барысында талқыланды. Бүгінгі күні тек Жоғарғы сотта 134 сот қызметкерінің орны бос тұр.  Құрамның төрттен бір бөлігі тапшы деген сөз. Көбі өз еркімен жұмыстан кетіп жатыр, қатаң талаптарға шыдай алмайды, жұмыс көп, жеке өміріне уақыт жоқ деген себептер орын алуда.

Әділ соттан үміт көп. Адам құқығын қорғайтын заңдар қабылданғанымен, оның дұрыс орындалуы, сот алдында келгенде заңға сәйкес шешім шығаруы басты мәселе. Қандай керемет заң болғанымен, оны дұрыс қолданбаса, заңсыздық сонда жатыр. Ал бұл оарйда судьялардың рөлі ерекше. Заңды билікке ала отырып, шешім шығаратын әділ сот ғана үміт отын жағады.  Ал соттар әділ болуы үшін, олардың сот төрағаларынан тәуелсіз болуын қамту қажет.

Бүгінгі қоғамда орын алып отырған өткір мәселенің бірі- азаматтар мен бизнес қауымдастығының отандық сот жүйесіне сенімінің жоғалғандығы.  Мүддені қорғайтын тамаша заңдар бар, алайда соттарға қатыста шағым көп. Оның себебі неде?

Жиында айтылған мәліметтерге сүйенсек, 34 судьяға халықтан түскен шағымдарға қатысты қызметін босату туралы ұсынымдар жасалды. Бүгінгі күні тек Жоғарғы сотта 134 сот қызметкерінің орны бос тұр.  Құрамның төрттен бір бөлігі тапшы деген сөз. Көбі өз еркімен жұмыстан кетіп жатыр, қатаң талаптарға шыдай алмайды, жұмыс көп, жеке өміріне уақыт жоқ деген себептер орын алуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.