Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шұғыл тестілеу

c 19:45, 20/03/2020 c 548

0:00 / 0:00

Ел астанасында  қазақстандықтарды шұғыл тестілеуден өткізетін болады.  Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова хабарлады. Елорадның бас дәрігері онлайн режимде өткен брифингте қаладағы ахуалды баяндап берді.

Нұр-Сұлтан қаласы COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны бойынша алда тұр. Елімізде 49 оқиға тіркелсе, соның  25 –і елордаға тиесілі.  Қаланың бас дәрігері Қисықова ханымның айтуынша,  коронавирус жұқтырған 25 адамның жағдайы жақсы, денсаулығына шағым жоқ. Науқастардың 70 пайызы орта жасқа келгендер екен. Ең жасы 14-те. Сондай-ақ, көпшілікті алаңдатқан шұғыл тестілеу мәселесі енді қолға алмақ.  Коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау мақсатында халықты шұғыл тестілеуден өткізу жоспарланып отыр.

Сәуле Қисықова – Нұр-Сұлтан қаласы  қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасының басшысы; «Коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау  үшін  халықты шұғыл тестілеуден өткізу жақын екі аптада  жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жауапты органдар мен ведомстволар коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мәселесін бақылауға алды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандар арқылы тексеріліп жатыр. Олар - вирус жұқтырғандардың отбасы мүшелері, жұмыстағы әріптестері, ұшақта болған адамдар. Шұғыл тестілеу тек ұлттық сараптама орталығында жүргізіледі»

Сондай-ақ, елорда басшылығы науқастар саны артқан жағдайда қосымша орын дайындап жатыр. Қаланың  бірқатар қонақүйлерінде екі мың төсек орынға шақталған карантиндік стационар ұйымдастырылуда. Бұл жағдайды күні кеше Үкімет басшысы Асқар Мамин өзі барып, жіті бақылап шыққан еді. Премьер-министр Ол жерде науқастарға қажетті жағдайдың бәрі қамтылған. шум
Алматыдан жеткен ақпаратқа сүйенсек,  онда коронавирус жұқтырған 2 жасар қыз баланың жағдайы  ауырлап тұр. Алматы қаласының денсаулық сақату басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, екі жасар қыздың жағдайы орташа ауыр.  Қыз балада жөтел бар, рентген оң жақты пневмониясы барын көрсеткен.Айта кетейік, бұға дейін хабарланғандай екі жасар қыздың  анасы да қауіпті індетті жұқтырған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.