Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шетел асқан қашқындарды қайтару

c 20:46, 18/09/2019 c 600

0:00 / 0:00

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде 2 мың 600 қазақстандық  азамат іздеуде жүр. Олардың арасында 1,5 мыңнан астамы мемлекетаралық, ал 1,2 мыңнан астамы халықаралық деңгейде іздеуде. Бүгін Парламент мәжілісі шетел асып, қылмыстық жауапкершіліктен қашып жүргендерді аулайтын заңнаманы талқылады. Мәжіліс депутаттары жалпы  отырыста «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Осы заң аясында Украинадла ұзақ уақыт жасырыпн жүрген қылмыскерлерді елге экстрадициялауға мүмкіндік тумақ. Сондай-ақ, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Бас прокуратура Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпуновтың ісіне қатысты материалдарды шетелдік құқық қорғау органдарына жіберетінін айтты.

Қазіргі күні елден асып, шетел қашып жүрген 2 мың 600 азамат іздеуде. Оның 1,5 мыңнан астамы мемлекетаралық, ал 1 мың 200  халықаралық деңгейде іздеуде жүр. Біздің құзырлы органдарға шетелде қашып жүргендерді аулауға заң кедергі болып отыр. Украинада 13 адам бас сауғалап жүрген болса, соңғы үш жылда алтауы елге берілді. Қазіргі уақытта Украинада іздеуде жүрген тағы алты адам анықталды. Енді Мәжіліс мақұлдаған  Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы бұл жұмысты жеңілдетпек. Жалпы отырыста палата төрағасы еуропада емін-еркін жүрген екеудің мәселесін неге шешпей отырмыз деп сынады. Алайда, спикер Нығматулин ол екеудің атын атап, түсін түстемеді.

Өз кезегінде Бас прокурордың орынбасары Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпуновтың ісіне қатысты материалдар шетелдік құқық қорғау органдарына жіберілетінін айтты.  Еуропападағы қашқындарды елге қайтару үшін Еуро Одаққа кіретін елдермен келісім шарттарды жасау жоспары тұр дейді ол.

Айте кетейік, Әблязов пен Храпунов ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында миллиардтаған қаржыны жымқырған. Бұл Қазақстан аумағында аса ауыр қылмыс болып саналады. Прокуратура оларға қатысты қылмыстық қудалау жалғасатынын хабарлап отыр. Сондай-ақ, елде Мұхтар Әблязовқа қатысты заңды күшіне енген сот үкімі бар. Ол экономиколық, жалпы қылмыстық іс жасағаны үшін сырттай сотталды. 2018 жылдың 27 қарашасында банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.Қазір Әблязов Францияда бас сауғалап жүр. Бүгінде Қазақстанға экстрадациялау мақсатында басқа елдермен оларды қайтару жұмыстары жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.