Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шекарадағы заң бұзушылықтар

c 22:29, 26/06/2020 c 558

0:00 / 0:00

Пандемия кезінде шекара бекеттерінде жолаушылар ағыны азайғанымен, заң бұзушылықтар азаяр емес. Шекарашылар Қазақстан аумағынан 7 млн медициналық бетпердені сыртқа заңсыз шығармақ болғандарды ұстады. Сондай-ақ, бөтен және жалған құжат арқылы шекарадан өтуге тырысу жағдайлары әлі де орын алуда. Заң бұзушылар автокөлікке жасырынып өтуге тырысқан. Одан бөлек рұқсат етілмейтін заттарды тасымалдау фактілері де әшкерленіп отыр. Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде шекарада  жүк тасымалдауға  шектеу қойылған жоқтын.

Елдің қауіпсіздігі шекарадан басталады. Қауіпті індет тарай бастағаннан бері мемлекеттік шекара бекеттерінде де карантин талаптары енгізілгенді. Тек төтенше жағдай кезінде де, кейін де мемлекетаралық жүк тасымалына ешқандай шектеу қойылмағанды. Бүгінде шекарада 100 өткізу пунткі бар. Оның 51 автокөлік өткізу пунткі уақытша жабылған. Осылайша, шекарада жолаушылар ағыны азайды.

Алайда, осы жағдайдың өзінде заң бұзушылықтар азаяр емес. Пандемия кезінде ел ішінде қажетті медициналық жабдықтар жетпей жатқанда,  7 миллион қорғаныш маскасын, 20 мың респиратор мен 3 мың қорғаныш киімін, 4 млн жұп медициналық қорғаныш қолғабын сыртқа шығаруға тырысқандар қолға түсті. Шекарашылар, тіпті жүк көліктеріне тығылып, шекарадан өтуге тырысқан азаматтарды да ұстаған.

Қазақстандағы ахуал жақсарса, шекараны ашу жоспары да дайын. Әзірге елдегі эпидемиологиялық ахуал бұған толық мүмкіндік бермей тұр.

«Шекаралардың ашылып, бұрынғы жұмыс қалпының қайта оралу мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі. Ол үшін алдымен кешенді талдау жұмыстары жүргізілуі керек. Бұл ретте негізгі үш көрсеткіш есепке алынады. Біріншіден, елде эпидемиологиялық ахуал жақсаруы керек. Екіншіден халықаралық әуе және теміржол қатынастары қалпына келтірілуі тиіс. Үшіншіден қазақстандықтар баруға жоспарлаған елдің шекаралары ашылуы керек».

Қазірде тек  Түркиямен әуе қатынасы қалпына келтірілген. Оңтүстік Кореядан да рейстер орындалуда. Шекарашылар шектеу болса да, болмаса да ұйымдастырылған өткізу тәртібін сақтай отырып, жұмыс істеуге дайынбыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.