Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шекарадағы кедергілер

c 19:32, 17/09/2019 c 584

0:00 / 0:00

Шекарашылар көрші Ресейге нормадан тыс жанар-жағар май тасымалданып жатыр деп дабыл қағады.Бұл мәселені бүгін Парламент Сенатында өткен комитет отырысында еліміздің бас шекарашысы Дархан Ділманов айтты.  Сондай-ақ, шекарадағы ұзын-сонар кептелістің себептері жайында баяндады. Бұған  біздің ел арқылы Ресейге бет алған Өзбекстан жолаушылары мен жүк тасымалының үш есеге артуы себеп болып отыр.  Ал шекарадағы Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірқатар аудандарының тұрғындары шекарадан өту барысын жеңілдетуді сұрап отырған көрінеді. Сенаторлар Қазақстан  Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы Қазақстанның және Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылаған еді.

Көрші Ресеймен шекарадан өту тәртібі жеңілдетілетін болды. Енді ресейге өту үшін жеке куәлік, төлқұжат, мекен-жай туралы анықтама ғана сұралатын болады. Бұл жеңілдік екі елдің шекарасын кесіп өту туралы хаттамада қарастырылған. Дегенмен екі ел шекарасында шешімі табылмай отырған проблема жетерлік.

Сенатор айтқандай, Ресеймен шекарадағы шеті жоқ кептеліс тексеру жұмыстары жүргізуден орын алып отыр. Ал тексерудің ұзақ өтуі,шекарадан өтетін көлік санының  елеулі түрде артқанынан орын алуда. Шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановтың айтуынша,  4 негізгі өткізу бекеті бар. Олар-«Тасқала», «Сырым», «Жайсаң», «Қайрақ» бекеттері.  Қазақстан арқылы Ресейге бағытталған жүк көліктерінің негізгі ағыны осы төрт бекетке салмақ түсіріп отыр. Себебі, шекарашылар саны артқан  жолаушылар мен көлік ағынына дайын емес.  Мысалы, Өзбекстаннан біздің ел арқылы Ресейге көкөніс, жеміс –жидек, ағаш тасымалдайтын көліктер саны еселеп артқан.

Дархан Ділманов – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры: «Егер бұрын тауар айналым миллиард доллар болса, ал қазір үш жарым миллиардқа жетті. Сәйкесінше, автокөлік саны да үш есеге көбейді. Бес жыл бұрынғы инфрақұрылым талапқа сай болса, бүгінде енді инфрақұрылымды күшейту қажет».

Отырыс барысында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің өкілдері болса, Жол картасы әзірленді. Өткізу бекеттерін жаңғыртуға қаржы  бөлініп, алдағы 2 жылда аталған мәселелер шешімін табады деп күтілуде деп жұбатты. Қазақстан –Ресей шекарасын мекендеген ауыл тұрғындары көрші елге өту тәртібін әлдеқайда жеңілдетуді сұрап отыр. Қазақстандықтар үшін шекараға тиіп тұрған Ресей жағындағы дүкендерге, медициналық мекемелерге барған тиімдірек болып тұр.

Дархан Ділманов – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры: «Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысының , БҚО Жәнібек, Қазталов аудандарының тұрғындары өту пуннтеріндегі тәртіпті жеңілдетуді сұрап отыр. Шекарадағы тұрғындар үшін тиіп тұрған көрші Ресей жағындағы күнделікті өмірге қажетті дүкен, медициналық ұйымдарға бару жақынырақ. Біздің жақ алыс болып тұр. Ресейлік шекарашылар жоғарыдан бұйрық келсе, рұқсат етер едік дейді. Мұны енді екі ел басшылығы шешуі тиіс».

Бас шекарашының бұл өтінішін сенаторлар назарға алып, ресейлік әріптестерімен талқылайтынын айтты. Шекарада орын алып отырған тағы бір мәселе, елімізден көрші елге нормадан тыс жанар-жағар май тиеген көліктер көп өтіп жатқанын аңғардық, дейді шекарашылар.

Дархан Ділманов – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры: «Бізде жанар-жағар амй тапшылығы туралы мәселе тұрған жоқ. Біздің байқағанымыз көрші елге тиісті нормадан көп жанар-жағар май тиеген көліктер өтіп жатыр. Біз қазір  егін науқаны кезінде бұл көрініс, тапшылық тудырып, кері әсерін тигізбесе деп алаңдаймыз».

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.