Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенат сайлауы

c 22:59, 12/08/2020 c 615

0:00 / 0:00

Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінде Парламент Сенатына депутаттарды сайлау науқаны өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Сенат сайлауына 46 үміткер қатысты. Олардың ішінен тек 17 адам ғана жоғары палатаға өте алады. Сайлауда 185 бақылаушы болды. Олардың ішінде 180 адам қазақстандық бақылаушылар болса, қалғаны халықаралық бақылаушы.
Бүгін еліміздің облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында сайлау учаскелерінің жұмысы жанданды. Парламент Сенатының депутаттығына сайлаудың басқа сайлаудан ерекшелігі, депутаттарды халық емес, маслихат сайлайды. Оған орай, сенаторлыққа кандидаттарға облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары дауыс берді. Барлығы 3 071 мәслихат депутатының 2 892-сі тіркеліп, сенат депутаттарын сайлады.Орталық сайлау комиссиясы ендігі сайлаудың алдын-ала қортындысын да жариялап үлгерді. Сенат сайлауына 46 үміткер қатысты. Олардың ішінен тек 17 адам ғана жоғары палатаға өте алады. Сенат сайлауында жеңіске жеткен кандидаттар тізімінде қазіргі сенат депутаттары қайта сайланды. Батыс Қазақстаннан ұсынылған үміткер Ляззат Рысбекова - 70.33% жеңіске жетті. Сабырлы сенаторлар қатарын бұрынғы ауылшаурашылық министрі, Аграрлық университет ректоры Ақылбек Күрішбаев толықтырмақ. Кандидат Сенатқа келісімен тұралап қалған ауыл шаруашылық саласын дамытуға екі қолын сыбана кіріспек.
Сенат сайлауының соңғы нәтижесі 18 тамызда жарияланады. Сарапшылардың айтуынша елге бір палаталы парламент те жетеді. Сенат пен Мәжілістің атқарып отырған жұмысы бір. Үкіметтен келіп түскен заң жобаларын мәжіліс пысықтап, өңдеп, толықтырып сенатқа жібереді. Сенат өз тарапынан қосары болса қосып, қабылдап Президенттің қол қоюына жолдайды. Бүгінде ел Парламентінде 107 мәжіліс, 47 сенат депутаты бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.