Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Салық саясаты

c 09:25, 28/10/2020 c 728

0:00 / 0:00

Салық саясаты пандемия барысында бірқатар өзгеріске тап болды. Табысынан айрылығандарды қолдау мақсатында уақытша салықтан босату жеңілдігі жасалды. Алайда, пандемия салдарынан салық түсімдері бойынша 1,1 трлн теңге кем жиналуы мүмкін. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша,  ағымдағы жылдың 9 айында шамамен 1 трлн 100 млрд теңге қаржы жоғалттық. Сонымен қатар, микро және шағын бизнеске жеңілдіктер, төлемді кейінге шегеру және басқа да қолдау түрлері 1,5 трлн сомасында жасалды. Ал мемлекеттік бюджеттің кірістері жөніндегі жоспары 92 пайызға, республикалық бюджет 82 пайызға, жергілікті бюджет 116 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке түсімдерінің төмендеуіне пандемиямен байланысты сыртқы және ішкі факторлар әсер етті. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша базалық болжамға сәйкес, биыл әлемдік жалпы ішкі өнім 5,2 пайызға қысқарады деп күтілуде. Қазақстанның көрсеткіштеріне тоқталсақ, үшінші елдермен тауар айналымы жыл басынан бері 13 пайызға төмендеді.

Той-домалақтың сәні асабалар мен әншілер. Онсыз той өтпейді. Ал дүркіреген салтанатты шарада қызмет көрсететін бұл азаматтардың қызметі аз тұрмайды. Әр асабаның, әншінің өз ставкасы бар. Бізде бір кеште 4-5 ән орындағаны үшін жоқ дегенде 3 миллион теңгеге дейін ақы сұрайтын әншілер бар. Асабалардың да аузы үлкен. Ең азы 200 мың теңге сұрайды. Бұл бір күнде тапқан табысы. Ал аптаның жеті күнінде той өтіп жатады. Бірақ бұл азаматтардың тапқан мол табысына салық салына ма?

Еске сала кетейік,  өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев микро және шағын бизнесті табыс салығынан үш жылға босатуды тапсырған болатын. Брифинг барысында салық органдарынан келген негізсіз хабарламалар мәселесі бойынша да сұрақ туындады. Өздеріңізге мәлім, бір ай бұрын салығы төленіп, сатылып кеткен мүлік үшін салық төлеңіз немесе 10 жыл бұрынғы көлігі үшін салық қарызы бар деген хабарламалар қазақстандықтарды біраз әбігерге түсірген болатын. Кейін тексере келе бұл хабарламалардың көбі негізсіз болып шыққанды. Еліміздің бас салықшысы халықты әуреге салғандары үшін кешірім сұрады.

Не керек қазынаны толтыру салықшылардың басты міндеті. Пандемия барысында салықтық жеңілдіктер жасалып, салдарынан бюджет түсімі 1 триллион теңгеге азайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.