Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сайлау болмайды

c 18:16, 21/08/2019 c 850

0:00 / 0:00

Елбасы «жақында сайлау болады» деген қауесетке нүкте қойды. Нұрсұлтан Назарбаев  Сайлау  Контитуцияда көрсетілген мерзімде өтетітін тағы бір рет еске салды. Бұл мәселе  бүгін  өткен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөз болды.

 Елбасы келесі маслихат сайлаулары партиялық тізіммен өтетінін айтты. Мәжіліс сайлауы онсыз да партяилық тізіммен өтеді.Сайлаудың тепе-теңдік жүйесі 80 елде қолданылады. Негізінде еуропа елдерінде де осы тәжірибе бар. Сайлауда белгілі бір партияға адуыс берсеңіз, бірден кандидаттардың толық тізімін қолдаған болып шығасыз. Парламентке партия тізіміндегілердің жоғарғыда тұрғандары өтеді. Партиялық тізіммен сайлауда шығын да үнемделеді.  Алайда депутаттар мен халық арасында партия жетекшісі саяси делдалдың рөлін ойнайды. Еуропада да осы тәсіл қолданылады. Ал  биыл мезгілінен бұрын сайлаудың  болмайтынын, елбасы тағы бір еске салды.

Нұрсұлтан Назарбаев – Елбасы

"Тәртіп болмаған жерде билік жоқ, мәселе шешілмейді. Әр адамның, елдің қауіпсіздігіне қатер төнеді. Экономиканың өзекті проблемаларымен айналысуға уақыт жоқ. Үнемі дүрліктіріп жүретіндерге тағы бір мәрте айтқым келеді: сайлау Конституцияда көрсетілген мерзімде өтеді. Осымен бұл тақырыпты жабайық"

 Ал можаритарлық сайлау әлемнің 100 елінде тәжірибеде бар. Оның ішінде АҚШ та бар. Ашық тізіммен сайлаушылар депутаттыққа лайық деген кандидатты өздері таңдай алады. Бұл орайда шағын партиялардың өкілдеріне депутаттық өту мүмкіндігі туар еді. Сайлау заңына өзгеріс енгізуді ұсынып отырған қоғам  белсенділерінің айтпағы осы.

 Белсенділер сондай-ақ, саяси партяилар туралы заңға да өзгеріс енгізуді ұсынады. Олардың пікірінше, партия мүшелерінің санын азайту керек. Бүгінде бір партияның жоқ дегенде 40 мың мүшесі болуы тиіс. Тойдың болғанынан боладысы қызық деп, сайлаудың ауылы алыс болса да, саяси партиялар мен қоғам белсенділері  сайлау әнін жырлауды бастап кетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.