Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Президенттің тапсырмасы орындалмай отыр

c 17:44, 17/02/2021 c 430

0:00 / 0:00

Депутаттар Үкімет Президенттің тапсырмасын толыққанды орындамай отыр дейді. Бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында зейнетақы қорының бір бөлігін емге жұмсау ережесі әлі дайын емес деп  ашуланды Аманжан Жамалов. Ал мәжілісмен Ерлан Саиров Қазақстанда күнкөріс деңгейі төмен азаматтардың саны 1 миллионнан асқандығын  айтады.  Өткен жылмен салыстырғанда, биыл кедейлік деңгейі 21%-ға өскен. Әсіресе ауылдықтардың жағдайы қиындап тұр дейді депутат. Толығырақ Әселім Қалкеннің бейнематериалынан.

Халықтың кедейлігі ұлттық қауіпсіздікке тікелей кері әсер ететін басты проблема. Мәжілісмендер елде кедейшілік саны артып жатыр деп дабыл қағады. Әсіресе ауылдықтардың жағдайы мәз емес. Қазақстанда күнкөріс деңгейі төмен азаматтардың саны 1 миллионнан асты.  Өткен жылмен салыстырғанда,  кедейлік деңгейі биыл 21%-ға өскен. Пандемия барысында жұмыссыз қалған азаматтар, табысынан айырылып кедейшілік күнін кешуде. Депутаттардың айтуынша, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін Президенттің бектікен тапсырмасы дұрыс орындалмай жатыр. Шағын несие беру мәселесі толыққанды жұмыс істемей отыр. Соның салдарынан ауылдағы ұсақ шаруалар мен зәру адамдар қаржы көзінен қағылуда. Бұл орайда депутат Саиров үкіметке бірқатар ұсыныстарын алға тартты.

Ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған шаруалар аяқсыз қалып жатса, Президенттің тағы бір тапсырмасы-зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін емге, қаржы ұйымдарына басқаруға беруге қатысты мәселе де  әлі шешілмей жатыр.  Ал  қазақстандықтар бұны асыға күтуде. Депутат Жамалов Президенттің тапсырмасын орындамай отырған құзырлы  министрліктерді сынға алды.

Аманжан Жамалов –ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Бұл жағдай Президенттің тапсырмасын қасақаны орындамай отырғанға ұқсайды. Осы мәселені әзірлеген, жауапты мемлекеттік қыземткерлерді тәртіптік жауапқа тарту керек. Жалпы менің бір байқағаным шенеуніктерге уәде беру оңай. Адамдар зейнетақы жинағын ауыр сырқаттарды емдеуге жұмсайды деп жоспарланған еді. Министрлік азаматтар үшін бұл өмірлік маңызы бар мәселе екенін түсінбегені ме? Әлде парламент әр министрлікке заңнамалық актіні әзірлеп, бекіту керектігін үнемі ескертіп тұруы тиіс пе? Бұл олардың тікелей функциясы".

Сондай-ақ, зейнетақы жинағының бір бөлігін басқарушы компаниялардың сенімді басқаруына беруге болады. Жекеменшік компаниялардың тізімін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеуі тиіс. Алайда, мәжілісмен Жамаловтың айтуынша, бұл реестрдің қайда екенін ешкім білмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.