Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ БҰЗАҚЫНЫҢ ҚОЛЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

c 09:43, 05/08 c 1296

0:00 / 0:00

Ақтауда белгісіз біреу полиция қызметкерін өлтіріп кеткен. Ол сол кезде еңбек демалысында болған полицейдің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. 26 жастағы ер адам есін жимастан қайтыс болды. Қазіргі таңда қанды оқиғаға қатысы бар деген күдікті ұсталды.

 

Қайғылы оқиға қараңғы түнде қаладағы шағын аудандардың бірінің ауласында болған. Белгісіз біреу полиция қызметкерінің мойнына пышақ сұғып алып, соққының арты өліммен аяқталды. Аталған оқиғаның бейнежазбасы лезде әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Ол жерде бұзақының құрбаны мойнынан кеткен қанды өз еркімен тоқтатуға тырысып жатқандығы бейнеленген. Деректерге сәйкес ер адам оқиға болған кезде еңбек демалысында болған. 26 жасар марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалған. Жедел іздестіру барысында бұл іске қатысты 27 жасар күдікті ұсталды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы басталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.