Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Педагог мәртебесі

c 17:52, 27/08/2019 c 857

0:00 / 0:00

 Ел Үкіметі педагог мәртебесін көтеруге кірісті. Бүгін өткен отырыста министрлер кабинеті  «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқылады. Жобаны таныстырған білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа заң жобасына сәйкес, мұғалімдердің жүктемесі  азайтылады, оларды өздеріне тән емес жұмыстарды орындаудан босату қарастырылған. Ал мұғалімдерді сенбілікке жиі қолданатын әкімшіліктерге 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Ұстаздарды ұлағаттауға арналған заң жобасы көп кешікпей жақында Парламент Мәжілісіне жетеді деп күтілуде.

 Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады. Бүгінгі қоғамда ұстазға деген құрметтің деңгейі төмендеп кеткен. Таңның атысынан, күннің батысына дейін өзгенің баласын оқытудан жалықпаған ұстаз еңбегін бағалайтын кез жеткен сияқты. Мұны ел Үкіметі де біліп отыр. Педагог мәртебесі туралы заң жобасының дүниеге келуіне де осы себеп. Соңғы кездері ұстазын сыйламайтын оқушылардың дөрекі әрекеттері әлеуметтік желіде жиі тараса, ұстаздар жағынан  бала ұру, балағаттау оқиғалары да жоқ емес. Ұстаздың мәртебесін көтеру үшін ең алдымен олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту қарастырылған. Былтырдан бері ұстаздардың жалақысын көтеру қолға алынса, енді жақында ел Президенті Қасым-Жомар Тоқаев алдағы төрт жылда мұғалімдердің айлығын 2 есеге өсіруді тапсырды. 

Сондай-ақ, мұғалім қызметіне қойылатын талап та күшейеді. Мұғалімдік қызметке алмас бұрын университет түлектері педагог біліктілігіне сәйкестігін растайтын болады. Бұл 2021 жылдан бастап енгізіледі. Сондай-ақ, психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар, әрекетке жарамсыздығына байланысты дәрігердің бақылауында тұрған адамдарға педагог қызметімен айналысуға тыйым салынады. Ең бастысы енді әкімдіктің бұйрығымен мұғалімдерді сенбілікке шығару тыйылады. Болмаған жағдайда  120 АЕК  дейін айыппұл салынады.

Жалпы жоба  мұғалімдердің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын 56 күнге дейін ұлғайтуға, педагогикалық шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған.  Отырыс барысында премьер-министр Асқар Мамин Білім және ғылым министріне заң жобасын Парламент Мәжілісіне  1 қыркүйекке дейін енгізуді жіті тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.