Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оск әлеуметтік желіге шағымданды

c 20:15, 08/01/2021 c 539

0:00 / 0:00

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысты әлеуметтік желідегі пікірілерді негізсіз деп атады. Бұл жайында комиссияның бүгінгі жиынында айтылды. Өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев  желіде отырғандардың жазбаларын «Отпетых мошенников» тобының әнімен салыстырды.

Қазақстанда электоральды кампания мәресіне жақындады. Парламент Мәжілісі мен амслихатына депутаттарды сайлауға қатысты әлеуметтік желідегі жазбалар Орталық сайлау комиссиясының назарында екен. Бүгінгі жиында комиссия мүшелері осы мәселені әбден талқылады. ОСК жекелеген тұлғалар сайлау онлайн форматта өтеді деген фейк таратуға тырысты деп отыр. Бұл қолданыстағы заңмен қарастырылмаған. Алайда, комиссия мүшесі Даулыбаев мырза нақты кімдер екенін түсін түстеп айтпады. Тек әлеуметтік желідегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Ал ОСК қатысты теріс пікірдегі ақпаратты сарапшылар Мұхтар Әблязовтың сөзімен байланыстырып отыр. ОСК болса, желіде отырғандардың негізсіз пікірлерін заңға қайшы, сайлауға деген сенімді жоққа шығару немесе  хайп үшін жасалып отырған қадам деп бағалайды.

Ерлан Дауылбаев – ҚР орталық сайлау комиссиясының  мүшесі «Өкінішке орай, жекелеген ойнышыларды заңдық аспектілер мүлдем мазаламайитын сияқты. Олар үшін саяси тапсырыстарды орындау басты мақсат болып тұр. Сайлауды жоққа шығаруға тырысып, сайлау комиссиясының жұмысын қаралау жүріп жатыр».

Сарапшылардың бағалауынша, нағыз оппозиция  қазақстандық саяси сахнада өзінің заңдылығын көрсете алмай отыр. Ал олардың байқаушылары кедергілерге тап болуда. Алайда, ОСК бұл айыптауларды жоққа шығарды. Комиссия мүшесі Даулыбаев мырза, мұның бәрі қоғамды өзіне қарату үшін жасалған дейді. Оның сөзін ОСК төрағасы Имашев те қолдады. Тіпті төраға әлеуметтік желілердегі пікірлерді  "Отпетых мошенников" тобының белгілі әнімен салыстырды.

Берік Имашев – ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы «Әлеуемттік желілерде көп пікірлер жазылып жатыр. Олардың сайлауға қатысты өз көзқарасы, ұстанымы бар. Желдегі пікірлер әнде айтылғандай сары, ақ, қызыл бола береді. Осылайша, көптің назарын өзіне аударғысы келеді. Біреуге жарнама керек. Меніңше әр адам өзі үшін шешім қабыладуы керек».

Не керек, Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанындағы пікірлерді осылай сараптап отыр. Ал саяси партиялар өздеріне берілген мүмкіндікті барынша қолданып, дауыс жинау үшін аянып жатқан жоқ. Әсіресе, карантин барысында әлеуметтік желідегі үгіт-насихат әбден қызыды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.