Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда қала күнін атап өтуге 9 млн.теңге қаражат жұмсалмақ

c 18:14, 28/08/2018 c 1445

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов мәлімдеді. Мерекелік шаралар 3-қыркүйектен бастауы алып, 15-не дейін жалғасады. Қазақстан эстарда жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт 8 қыркүйек күні сағат 20:00де П.Атоян атындағы алаңда өтеді. Кеш қонақтары танымал актер Тәуекел Мүсілім, эстрада жұлдызы Айдана Меденова, Олжас Абай қала тұрғындарына мерекелік ән шашуларын арнайды.

Мейрамды тойлау 3-қыркүйектен басталады. Дина Нұрпейісова көшесінің бойында "Ақжайық-шеберлер қаласы" атты көрме ашылса, сағат 18:00де Жайық өзені жаңғалауында "Жайық сазы" дәстүрлі 11-ші фестивалі өтеді. 3-8 қыркүйек аралығы Қазақ киносы апталығы деп жарияланып отыр. Қазақфильм туындылары Гагарин кинотеатрында көрермендерге тегін ұсынылады. 4-қыркүйекте Қадыр Мырза Әлі атындағы өнер орталығының амфитеатрында қала әкімінің кубогына арналған көңілді тапқырлар клубы өтеді. 6-қыркүйекте Орал опера классикалық концертін тамашалауға мүмкіндік болса, 7-қыркүйекте "Жайық аруы-2018" сұлулық байқауы оздырылмақ. Басты концерт пен әсем отшашуды қала тұрғындары 8 қыркүйекте П. Атоян атындағы алаңында тамашалай алады. Сондай-ақ 7-қыркүйекте Абай алаңында жастарға арналған би кеші өтеді. Бұл күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, бекіре балықтарының шабақтары өзенге жіберіледі. Сонымен қатар, тұңғыш президент атындағы алаңда "Сапалы өнім" байқауы өтеді деп жоспарлануда. Ал 15-қыркүйекте қайырымдылық жартылай марафоны бастау алады. Сонымен қала күніне 20-дан астам мерекелік шара ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Бұл мақсатқа 9 млн. теңге жұмсалмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.