Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Онлайн сабаққа дайынбыз ба?

c 19:15, 31/03/2020 c 1400

0:00 / 0:00

Республика бойынша 3 млн 300 мың оқушы 6 сәуірден бастап онлайн сабақ оқу режиміне көшеді. Корнавирустың таралуына байланысты елдегі төтенше жағдайға қатысты балалар қашықтықта үйден отырып сабақ оқитын болады.  Қазақстандық оқушылардың барлығы дерлік қашықтықта оқуға дайын ба? Интернет, компьютер, смартфонмен толық жабдықталған ба? Осы сұрақтар бойынша білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифинг өткізді.

Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің өзі мектеп оқушыларын қашықтықта оқыту оңайға түспейтінін мойындап отыр. Себебі, еліміздің орта білім саласы мұндай тәжірибеде жұмыс істеп көрмеген. Аты жаман індет таралып, адамзатқа қауіп төндіріп отырған сәтте балаларды үйден оқытуға тура келіп отыр. 6 сәуірден бастап республиканың барлық мектептері қашықтықта оқыту форматын бастайды. 3 млн 300 мың оқушы үйден отырып онлайн сабақ оқуға толық дайын ба? Ендігі сынып жетекшілері ата-аналармен, оқушылармен күнде байланысқа шығып, дайындық барысын қамтуда.  Дегенмен, ауыл түгілі, қалада тұратындардың өзінде интернет, компьютері жоқ жағдайлар тіркелуде. 300 мыңнан астам  балада компьютер жоқ болып шықты. Министрдің айтуынша, мектептердегі компьютерлер уақытша пайдалануға беріліп жатқан көрінеді.

Сондай-ақ,  компьютерлер сатып алу мәселесін қамтимыз ден сендіреді министр. Барлығы 80 мыңға жуық техника сатып алмақ. Оның ішінде компьютерден бөлек планшеттер де бар.Оқушыларды қашықтан оқыту режимінде  "Ел арна", "Балапан" телеарналары, "Qazaq radiosy" арқылы да қосымша сабақтар жүргізіледі. Ал көпшілікті алаңдатқан жазғы демалыс мерзімі қысқартылмайды.Қашықтықта оқытуға көшеміз дегелі ата-аналардан маза кетті. Тіпті әлеуметтік желіде әзіл-шыны аралас бейне түсірілмдер де тарап үлгерді. Күні кеше Нұрислам есімді балақай әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Ол меткепті, мұғалімдерін сағынғанын айтып, жылағаны бар.

Кішкентай Нұрисламның видеосын министр де көріп, жүрегі елжірепті.

Еліміздің  жоғары оқу орындары мен колледж студенттері де 16 сәуірден бастап қашықтықтан оқуға көшеді. Қазірдің өзінде бірқатар ЖОО студенттері онлайн режимде емтихандарын тапсырып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.