0:00 / 0:00
Орал қаласында облыстық көпсалалы аурухана дәрігерлері бауыр трансплантациясы бағытын дамыту жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жерде операциядан өткен және 10 жыл бойы толыққанды өмір сүріп келе жатқан пациентпен кездесу өтті. Маман дәрігерлер емдеу нәтижелерінің тұрақты түрде жоғары екенін атап өтіп, туыстық донорлықтың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сондай-ақ дәрігерлер бауыр ауруларын дер кезінде анықтаудың қажеттігін еске салды.










