Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқушылар вирус жұқтырды

c 21:15, 25/09/2020 c 646

0:00 / 0:00

Шығыс Қазақстан облысында мектептеріндегі кезекші сыныптардағы оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді.Жаңа оқу жылы басталарда ата-аналардың сұаруы бойынша мектептерде бастауыштағы оқушылар үшін кезекші сыныптар жұмысын бастағанды. Қалған оқушылар қашықта оқып жатыр. Сондай-ақ, оқушылар саны аз ауылдардағы мектептерде дәстүрлі білім беру жүріп жатыр.

Қазақстандық мектептерде пандемияға қарамастан бастауыш сыныптарға білім ордасына келіп оқуға рұқсат етілгенді. Білім министрлігі бұл қадамға ата-аналардың сұрауы бойынша барғаны мәлім. Әрине мектептерде барлық санитарлық нормаларды сақтау міндеттелген. Бір сыныпта 15 баладан артық отырғызбау, гигиеналық шаралармен қамту қарастырылған. Елордадағы 67 мектеп-гимназияда 590 оқушы кезекші сыныпқа келіп жүр. Мектеп басшылығының айтуынша, ата-аналар тарапынан балаларын мектепте оқытуға өтініш көбейіп жатыр.

Дегенмен, бір мезетте жүздеген бала мектепке келеді. Бәрібір балалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі.

Соның бір көрінісі ендігі Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптардағы 4 оқушының коронавирус жұқтырғаны мәлім болды. Аталмыш облыстың Шемонаиха, Көкпекті және Алтай аудандарындағы мектеп оқушылары коронавирус жұқтырған. Коваид инфекциясына шалдыққан балалар шағын жинақталған мектептерде оқиды. Бұл мектептер 14 күнге карантинге жабылды. Білім ордаларындағы коронавирус инфекциясының ошағы болған сыныптарды қашықтан оқытуға ауыстыру туралы қаулы шықты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.