Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оффшорға кеткен млрдттар

c 20:17, 28/05/2020 c 541

0:00 / 0:00

Оффшорға Қазақстаннан 140 млрд доллар шығарылған. Бұл жайында үкіметке жолдаған депутаттық сауалында сенатор Перепечина мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы бес жылда шетелге шығарылған ақшалар бойынша 238 қылмыстық іс қозғалды.  Алайда, бұл істер бойынша жүргізілген тергеу ісі нәтижесін көрсете алмады. Елге қайтарылған ақшаны көріп отырған жоқпыз деді депутат.

Қазақстаннан шығарылған қыруар қаржы шетел банктерінде жатыр деген мәлімет бірінші рет айтылып отырған жоқ.  Қалтасы қалыңдаған сайын, байлардың тәбеті артып, мемлекет алдындағы салықтан қашу мақсатында, ақшасын елден алшақ жерде сақтап, төмендетілген салық төлегенді жөн санайды. Алайда, елден шығарылып жатқан млрдттардың бәрі бірдей заңды жолмен тапқан ақша ма?  Соңғы бес жылда Қазақстаннан оффшорға шығарылған ақшалар бойынша 238 қылмыстық іс қозғалды. Алайда, тергеу ісінің нәтижесі жоқ. Елге осынша ақша қайтарылды деген мәлімет естіген жоқпыз. Сенатор Перепечина премьер-министрге жолдаған сауалында, шетел асқан млрдттар жайында мәселе көтерді.

Ольга Перепечина – ҚР парламент сенатының депутаты; «Ұлттық заңнамада шетелге ақша шығаруға мүмкіндік береді. Тіпті, оффшорға кеткен ақшалар заңсыз жолмен шығарылған болса да, оны елге қайтару нормасы да қарасытырылмаған».

Саясаткерлердің пікіріне құлақ салсақ, нағыз иелері оффшордың мүмкіндіктерін қылмыспен келген ақшалардың ізін жасыруға көп пайдаланды. Мысал келтіретін болсақ, Қазақстандық компания ортада делдал болып,  өзге елдерге тауар тасымалдағаны немесе қызмет көрсеткені  үшін ақша аударған болады. Көп жағдайда  қызмет көрсету жүйесі тиімдірек. Бұл заңсыз ақшаны заңды жолмен оффшорға шығару жүйесі. Депутаттың айтуынша, мұндай істердің сот алдына жетуі өте сирек кездеседі.

Ольга Перепечина - депутат сената парламента РК; «238 қылмыстық істің 70 пайызы немесе 170 іс заң бұзушылық дәйектерінің жоқтығынан тоқтатылды. Яғни шетелге ақша шығару фактісі бар, алайда бұл ұлттық заңнамамен заң бұзушылық болып табылмайды».

Сенатор ханым, тіпті сот алдында жеткен үш іс бойынша, шетел асқан млрдтарды елге қайтару мәселесі қарастырылған да жоқ деп ашынды. Себебі, Қылмыстық –процессуалдық кодексте ақшаны елге қайтару міндеті қарастырылмаған.  Осылайша, елден шығарылған  қыруар қаражаттар бойынша сөз жүзінде заңсыздық бар. Іске келгенде қолымыз байлаулы.Бұл орайда депутаттарға қолда тұрғанда  заңнаманы неге өзгертпеске.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.