Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«НЕСИЕ МӨЛШЕРЛЕМЕСІН ТӨМЕНДЕТУ КЕРЕК»

c 12:24, 23/09/2021 c 1775

0:00 / 0:00

Алматыда орын алған қайғылы жағдайға сот шешімдерінің әділетсіздігі мен сот орындаушылары мен банк қызметкерлерінің сөз байласып алу ықтималдығы себеп. Осындай жағдайда банк алдындағы қарызын өтей алмай тығырыққа тірелген жандар соңғы әрекетке барып жатады, Депутаттар Қазақстанда  банк мөлшерлемесі   тым жоғары деп есептейді. Парламенттің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Андрей Линник осы мәселені көтеріп,  «Ақ жол» фракциясының депутаттары атынан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың атына депутаттық сауал жолдады. Несие сомасын жасанды көбейтуді тоқтатып, несие бойынша мөлшерлемені төмендету қажет. Ол үшін Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің мөлшерлемесінің өте жоғары болуына себеп болып отырған базалық мөлшерлемеге қатысты саясатын қайта қарастыру керек, - дейді депутат. Еске асала кетейік, қыркүйектің 20-ы күні Алматы қаласында сот шешімімен баспанасынан айырылған азамат, үйді босатуды талап еткен полицейлерге, сот орындаушысына, үйдің жаңа қожайыны мен оның танысына оқ жаудырып, бес адам көз жұмғанды.

5 адамның өмірін қиған Алматыдағы атыс қоғам талқылауында. Банк алдындағы қарызын өтей алмай, оқ атқан алматылық азаматтың әрекетіне бірі банк пен сот орындаушыларын, әділетсіз шешім шығарды деп сотты кіналап жатса. Енді бірі, күдіктінің кінәсіз жандардың өмірін қиғанын айтып, айыптауда. 5 адамға оқ жаудырып, қолға түскен күдіктіні 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр. Жалғыз баспанасы үшін банкпен келісімге келе алмаған борышкердің дауы бүгінде несиеге белшеден батып отырған қазақстандықтардың ортақ проблемасы дейді сарапшылар. Бизнес болсын, қарапайым тұтынушылық несие алушылар болсын банктердің шарықтап тұрған мөлшерлемесінен ығыр болды. Депутаттар  аталған трагедияға қатысты жайттарды анықтау полиция ғана емес, қаржылық реттеуіштер тарапынан да жеке зерттеуді талап етеді, - дейді.

АНДРЕЙ ЛИННИК –ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Бұл жағдай Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесі, мұндай даулар бойынша сот шешімдерінің әділетсіздігі мен сот орындаушылары мен банк қызметкерлерінің сөз байласып алу ықтималдығы тудыратын халықтың несиеге үлкен деңгейде байлаулы болуына назар аудартты. Кешегі құрбандар – мыңдаған шағын кәсіпкерлер мен қарапайым борышкерлердің жағдайына немқұрайлы қатынастардың тікелей нәтижесі».

Мәжілісменнің айтуынша, Қаржы нарығын реттеу агенттігі  банктердің  алдында қорғансыз болып табылатын борышкерден алынатын мүлік құнын төмендету бойынша банктердің мүмкіндігін шектеуі қажет. Несие мөлшерлемесін төмендету керек.

АНДРЕЙ ЛИННИК –ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Несие сомасын жасанды көбейтуді тоқтатып, несие бойынша мөлшерлемені төмендету керек. Ол үшін Ұлттық банк бүгін инфляцияны көтере алмағанымен, екінші деңгейлі банктердің мөлшерлемесінің өте жоғары болуына себеп болып отырған базалық мөлшерлемеге қатысты саясатын қайта қарастыруы қажет».

Айта кету, керек ақжолдықтар 2014 жылдан бері "Жеке тұлға банкроттығы туралы" заң әзірлеуді ұсынып келеді.  Құжат банкротқа ұшыраған азаматтардың баспанасыз қалмауына және отбасын алаңсыз асырауға мүмкіндік береді. Алайда үкімет заң жобасын қабылдауды кейінге шегеріп келеді.  Партия бұл  ұсынысын тағы да алға тартты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.